16.01.2008, 10:54 1627

Қазақстан үкіметі автокөліктің зиянды қалдықтарды таратуына қойылатын талаптарды көрсететін техникалық регламентті бекітті

Қазақстан үкіметі автокөліктің зиянды қалдықтарды таратуына қойылатын талаптарды көрсететін техникалық регламентті бекітті

Астана. 16-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі автокөліктің зиянды қалдықтарды таратуына қойылатын талаптарды көрсететін техникалық регламентті бекітті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі сейсенбі күні ресми баспасөзде жарияланған тиісті қаулы мәтініне сілтеме жасай отырып.

Қаулыға сәйкес, аталмыш техникалық регламент "қолданысқа Қазақстан Республикасында берілген автокөліктерге таралады және зиянды заттардың ауаға таралуы бойынша олардың пайдаланар жанармайы мен экологиялық сипаттамасына талаптар қояды".

"Автокөлік құралдарының техникалық регламент талаптарына сай келуі ҚР-ның техникалық реттеу саласындағы заңмен бекітілген тәртіппен берілетін сәйкестік декларациясымен немесе сәйкестікті дәлелдеу саласындағы құжатпен куәландырылады", - деп көрсетілген қаулыда.

Жанармайдың регламент талаптарына сәйкестігі сәйкестік сертификатымен куәландырылады.

Қаулыға сәйкес, Қазақстан аумағында 2009 жылдың 1-қаңтарынан бастап "Еуро-2", 2011 жылдың 1-қаңтарынан бастап "Еуро-3", ал 2014 жылдың 1-қаңтарынан бастап "Еуро-4" экологиялық сатысы енгізіледі. Автокөлікке арналған жанармай сипаттамсына техникалық талаптар экологиялық сатылардың енгізілуімен бір мезгілде жүреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны