01.07.2014, 20:49 3078

Қазақстан Үкіметі шілде айында 2020 жылға дейінгі тарифтік саясат бағдарламасын қабылдайды

Қазақстан Үкіметі шілде айында 2020 жылға дейінгі тарифтік саясат бағдарламасын қабылдайды, бұл туралы ОКҚ брифингінде экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Алматы. 1 шілде. Kazakhstan today. Қазақстан Үкіметі шілде айында 2020 жылға дейінгі тарифтік саясат бағдарламасын қабылдайды, бұл туралы ОКҚ брифингінде экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.

"Тарифтік саясатқа жаңа бағыттар енгізу мақсатында 2020 жылға дейінгі тарифтік саясат бойынша бағдарлама әзірленді. Кеше жоба Үкіметке енгізілді, шілде айында ол қабылданатын болады", - деді Е. Досаев.

Е. Досаев атап өткендей, бағдарлама монополистердің қызметін реттеуді тиімді қалыптастыруға бағытталған.

Сондай-ақ, тауар нарықтарын дамыту мақсатында реттеу қызметі бойынша шаралар кешенінің жоспары бекітілді.

Ведомство басшысы атап өткендей, Президент тапсырмасы бойынша көлеңкелі экономикамен күрес бойынша 2014-2015 жылдарға арналған шаралар жоспары анықталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны