30.05.2008, 16:59 2989

Қазақстан жағы ҚХР өкілдеріне қайырымдылық көмекті ресми түрде табыс етті

Қазақстан жағы ҚХР өкілдеріне қайырымдылық көмекті ресми түрде табыс етті

Астана. 30 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Қазақстан жағы ҚХР өкілдеріне қайырымдылық көмекті ресми түрде табыс етті. Бұл туралы ҚР ТЖМ ақпарат және бұқарамен байланыс басқармасының сарапшысы Светлана Мұратбекова бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бізге жаңа ғана келіп түскен ақпаратқа сәйкес 30 мамыр күні 14 сағатта Тяньшуй қаласындағы темір жол станциясында қайырымдылық көмек жергілікті билік өкілдеріне ресми түрде табыс етілді", - деді С. Мұратбекова.

Оның айтуынша, "жүкті қабылдаушы ресми тұлға ретінде Ганьсу провинциясының халықтық үкіметінің партиялық хатшысының орынбасары Чан Чжухун мырза айқындалды, ал жүкті таратуға жауапкершілігі Ганьсу провинциясының азаматтық әкімшілік басқармасына жүктелді".

Еске сала кетейік, Сычуань провинциясында болған жойқын жер сілкінісінің салдарынан қалыптасқан ахуалға сәйкес Қазақстан Қытайға қайырымдылық көмек жолдады.

Мамырдың 24 мен 26 аралығында Қазақстаннан теміржолмен қайырымдылық көмек жүгі тиелген 19 вагон жөнелтілді. Жүк Ганьсу провинциясының Тяньшуй станциясына ресми түрде 30 мамыр мен 3 маусым аралығында жеткізіледі.

Қайырымдылық көмек жүгінде төсек жабдықтары, 40 орынды қысқы шатырлар, киімдер, ет консервілері мен медициналық "трамадол" препараты бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны