15.07.2014, 23:17 3180

Қазақстан және Қырғызстан екі жақты ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

Бүгін Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қырғызстанға ресми сапары шеңберінде сол елдің сыртқы саяси мекемесінің басшысы Эрлан Абдылдаевпен кездесті, - деп СІМ хабарлады.

Алматы. 15 шілде. Kazakhstan today. Бүгін Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қырғызстанға ресми сапары шеңберінде сол елдің сыртқы саяси мекемесінің басшысы Эрлан Абдылдаевпен кездесті, - деп СІМ хабарлады.

Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, ауылшаруашылық және су-энергетикалық салалардағы екі жақты ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылау ерекше назарға алынды. "Елдеріміздің экономикалық ынтымақтасуына зор мүмкіндіктер бар. Бізге сауда-экономикалық қатынастарды тереңдетіп, өзара сауданы барынша ынталандыру қажет", - деп ҚР СІМ басшысы атап өтті.

Келіссөздердің басты қорытындысы, екі ел арасындағы саяси сұхбатты нығайтуға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2014-2015 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылуы болды.

Іс сапар шеңберінде Ерлан Ыдырысовтың Қырғыз Республикасы Президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесуі және Орталық Азия елдері мен Жапония сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысуы жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны