21.04.2011, 15:36 7145

Қазақстанда 14 мыңнан астам сотталғандарға рақымшылық жасалады

Қазақстанда 14 мыңнан астам сотталғандарға рақымшылық жасалады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 21 - сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда 14 мыңнан астам сотталғандарға рақымшылық жасалады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Алдын ала жасалған есеп бойынша, елімізде аталмыш заң жобасының талаптарына сәйкес келетін қамауда отырған 4,5 мың азаматқа, сондай-ақ тағы қамауға жаппайтын 10-ға жуық сотталған азаматтарға да осы құжат бойынша рақымшылық жасалады",- деп хабарланған Иділет министрлігі таратқан баспасөз баянында.

ҚР әділет министрлігінің ресми өкілі Ерболат Ерімбетовтың түсіндіруінше, бұл раымшылық мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай жүргізілмек.

"Рақымшылық туралы" Заң жобасы биылғы жылдың 14 сәуір күні Мәжілістің қарауына енгізілген болатын. Аталмыш заң жобасының талаптарына сәйкес жеңіл және орта деңгейдегі қылмыс жасаған азаматтар жауапкершіліктен босатылады.

Заң жобасының талаптары бойынша негізінен кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер, әйелдер, кәмелеттік жасқа толмаған балалары барлар, жүкті әйелдер, зейнеткерлер мен мүгедектер сияқты әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар босатылады.

Қазақстанда 1991 жылдан бері жеті рет рақымшылық жасалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны