23.07.2013, 11:17 3159

Қазақстанда 1 тамыздан бастап салық аудиті қызметтерін орталықтандыру енгізіледі

Қазақстанда үстіміздегі жылдың 1 тамызынан бастап салық аудиті қызметтерін орталықтандыру практикасы енгізіледі, ол аудандық деңгейде салық аудиті бөлімшелерін таратып, оларды облыс деңгейіне тапсыруды көздейді, деп хабарлады бүгін ҚР Қаржы министрлігінің алқасында Салық комитетінің төрағасы Ануар Жұмаділдаев.

Астана. 23-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда 1 тамыздан бастап салық аудиті қызметтерін орталықтандыру енгізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда үстіміздегі жылдың 1 тамызынан бастап салық аудиті қызметтерін орталықтандыру практикасы енгізіледі, ол аудандық деңгейде салық аудиті бөлімшелерін таратып, оларды облыс деңгейіне тапсыруды көздейді, деп хабарлады бүгін ҚР Қаржы министрлігінің алқасында Салық комитетінің төрағасы Ануар Жұмаділдаев.

"1 тамыздан бастап салық аудитін орталықтандыру бойынша жағымды тәжірибе барлық ел бойынша енгізіледі", - деді А. Жұмаділдаев.

Сонымен қатар, ол пилоттық режимде аталған сфера 2 облыста - Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында сыналғанын атап өтті.

Осылайша, апробация көрсеткендей 2013 жылдың 1 тоқсанына өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда құжаттық тексерулер 60%-ға азайып, ал салық бойынша есептелген сомалардың өсуі 600% құрады.

Аталған жүйе халықаралық сарапшылардың бағалауынша салық аудиті сферасындағы жемқорлықты жоюға көмектеседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны