25.04.2007, 17:29 2568

Қазақстанда 2007 жылдың қыркүйегінде ИБайқоңыр - АнтитеррорИ атты халықаралық антитеррористік жаттығулар өткізу жоспарлануда

АСТАНА. 25 - сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстанда 2007 жылдың қыркүйегінде "Байқоңыр - Антитеррор" атты халықаралық антитеррористік жаттығулар өткізу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін ТМД мүше елдердің қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыратын органдардың үйлестіру кеңесі барысында ТМД-ның Атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары Владимир Гаркун мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бұл іс-шараларға халықаралық ұйымдардан келген әріптестеріміз қатысады, деген үміттеміз",- деді В. Гаркун. "Мұндай жаттығулар соңғы рет Арменияда 2006 жылы өткен болатын",- деп қосты ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны