25.10.2010, 14:39 4178

Қазақстанда 2011 жылдың 1-қаңтарынан бастап мектептер мен ауруханаларға арналған ҚНмЕ өзгереді

Қазақстанда 2011 жылдың 1-қаңтарынан бастап мектептер мен ауруханаларға арналған ҚНмЕ өзгереді. Бұл туралы бүгін парламент мәжілісіндегі "Нұр Отан" ХДП фракциясының кеңейтілген отырысында ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 25 - қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2011 жылдың 1-қаңтарынан бастап мектептер мен ауруханаларға арналған ҚНмЕ өзгереді. Бұл туралы бүгін парламент мәжілісіндегі "Нұр Отан" ХДП фракциясының кеңейтілген отырысында ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Алдымызда тұтастай алғанда құрылыстың және ең алдымен әлеуметтік нысандардың санитарлық нормалары мен өрт қауіпсіздігі, сейсмикалық орнықтылығы жөніндегі қағидаларды есепке ала отырып, талаптарды қайта қарап, мектептердің, ауруханалар мен емханалардың жаңа стандарттарын, нормативтері мен ережелерін әзірлеу әрі қабылдау міндеті тұр. Үкімет өте ауқымды бұл жұмысты қазірдің өзінде жүргізуде", - деді премьер-министр.

Үкімет басшысының айтуынша, ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап шағын жинақты мектептердің жобалары құрылыс құны 22 пайызға азайтыла отырып, жаңа стандарттар, нормативтер және ережелер бойынша жобалануда".

"Қазір біз жұмыс істеп тұрған сыйымдылығы 300 орыннан астам мектептердің, сондай-ақ медициналық ұйымдардың стандарттар, нормативтер және ережелерінің кейбір параметрлерін жаңартудамыз. Алдын ала бағалау бойынша бұл шаралар 300 орындық мектептерді салу кезінде 240 миллионнан астам теңгені, ал 900 орындық мектептерді салу кезінде 460 млн. теңгені үнемдеуге мүмкіндік бермек",- деп нақтылап өтті К. Мәсімов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, денсаулық сақтау нысандары бойынша бір науқасқа арналған алаң нормасы 9-дан 7 шаршы метрге қысқарады. Медицина ұйымдарын жарақтандыру нормативтері де қайта қаралады. Бұл алдын ала есептеу бойынша 23 пайызға азайтуға мүмкіндік береді.

"2010 жылы қарашаның 1-іне дейін жаңартылған стандарттар, нормативтер және ережелер бекітілетін болады. Келесі жылы қаңтардың 1-інен бастап жұмыс істеп тұрған, сондай-ақ жаңа құрылыстар жаңартылған стандарттар, нормативтер және ережелер бойынша жүзеге асырылады",- деп хабардар етті К. Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны