13.01.2017, 10:48 4383

Қазақстанда 2017 жылы "б" корпусынан 65 мыӊ мемлекеттік қызметкер кешенді аттестаттаудан өтеді

"Бұл жалпы бүгінгі қоғамныӊ сұраныстары мен халыққа қызмет ету қағидаларына жауап беретін мемлекеттік аппарат қалыптастыру үшін қажет", - деп атап өтті А.Шайымова.

Астана. 13 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2016 жылы этикалық нормаларды сақтамағаны үшін 200 мемлекеттік қызметші жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде "Б" корпусыныӊ мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерін кешенді аттестаттау" тақырыбында өткен баспасөз конференциясында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттік төрағасыныӊ орынбасары Айгүл Шайымова мәлім етті.

Спикердіӊ айтуынша, биылғы аттестаттаудыӊ бұрынғылардан ерекшелігі, ол қызметкерлердіӊ біліктілігін арттыру үшін олардыӊ кәсіби даярлығы мен мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған.

"Бұл жалпы бүгінгі қоғамныӊ сұраныстары мен халыққа қызмет ету қағидаларына жауап беретін мемлекеттік аппарат қалыптастыру үшін қажет", - деп атап өтті А.Шайымова.

Ол сондай ақ биыл "б" корпусынан шамамен 65 мыӊ мемлекеттік қызметкер кешенді аттестаттаудан өтетінін мәлімдеді.

"Орталық деӊгейде - сарапшылардан министрлік пен ведомство департаменттерініӊ директорларына дейін, облыстық деӊгейде - мамандардан жергілікті атқарушы және аумақтық органдардыӊ басшыларына дейін, ал аудандық деӊгейде - ауыл әкімдіктерініӊ жетекші мамандарынан аудан әкімдерініӊ орынбасарларына дейін және мамандардан аумақтық орган басшыларына дейін аттестаттаудан өтетін болады", - деді агенттік төрағасыныӊ орынбасары.

Сондай-ақ ол аттестаттаудан босатылатын мемлекеттік қызметкерлер туралы айтып өтті.

"Бұл санатқа декреттік демалыстағы, аяғы ауыр әйелдер, сондай-ақ 3 жасқа толмаған балалары бар әйелдер, 14 жасқа толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар мен әкелер жатады. Сонымен қатар, зейнеталды жастағы қызметкерлер, "А" корпусыныӊ кадрлық резервінде тұрғандар және мемлекеттік қызметке алғаш рет алынып, алты айдан аз уақыт жұмыс істеген қызметкерлер аттестаттаудан өтпейді", - деп түсіндірді А.Шайымова.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны