08.06.2016, 15:59 4573

Қазақстанда 9 маусым ұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе қаласында жасалған террористік актініӊ салдарынан адамдардыӊ құрбан болуына байланысты Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту жариялау туралы өкімге қол қойды

Астана. 8 маусым. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе қаласында жасалған террористік актініӊ салдарынан адамдардыӊ құрбан болуына байланысты Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту жариялау туралы өкімге қол қойды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

***

"Террористік актініӊ салдарынан адамдардыӊ құрбан болуына байланысты Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентініӊ Өкімі

Ақтөбе қаласында жасалған террористік актініӊ салдарынан әскери қызметшілер мен азаматтардыӊ қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2016 жылғы 9 маусымда ұлттық аза тұту жариялансын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны