23.04.2014, 20:24 3832

Қазақстанда АЭС құрылысын жүргізетін 3 алаң анықталды

Қазақстанда АЭС құрылысын жүргізетін 3 алаң анықталды. Олар: Балқаш ауданы, Курчатов пен Ақтау. Бұл туралы бүгін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергетикасы комитетінің төрағасы Мәжит Шәріпов МАГАТЭ сарапшылары қатысқан атом энергетикалық бағдарламасын дамыту семинарында мәлімдеді.

Алматы. 23 сәуір. Kazakhstan today. Қазақстанда АЭС құрылысын жүргізетін 3 алаң анықталды. Олар: Балқаш ауданы, Курчатов пен Ақтау. Бұл туралы бүгін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергетикасы комитетінің төрағасы Мәжит Шәріпов МАГАТЭ сарапшылары қатысқан атом энергетикалық бағдарламасын дамыту семинарында мәлімдеді.

"Балқаш ауданының Үлкен ауылының маңы АЭС құрылысын жүргізуге өте ыңғайлы болып отыр, ол электр энергиясы тапшылығы алаңында орналасқандықтан электрлік желі жүйесі дамыған. Үрдіс станция қуаттылығын қамтамасыз етеді", - деді М. Шәріпов.

Оған қоса, Қазақстанда АЭС алаңына қолайлы аймақтардың бірі болып Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатов қаласының ауданы және Ақтау қаласы қарастырылуда.

"Курчатов ауданы қор ретінде қарастырылады. Аталмыш алаң Ресей Федерациясының электр энергиясына сарапшылық көзқарасқа ие. Ақтау қаласының ауданы өзге алаңдармен салыстырғанда басымдылыққа ие болып отыр", - деді комитет басшысы.

Бұдан басқа, М. Шәріпов зерттеу жүргізу барысында аймақтың энергия балансы, электр энергияны тасымалдау мүмкіншілігі және басқада факторлар ескерілді.

"Сейсмологиялық тұрақтылық бойынша АЭС құрылысы жүргізілетін аймақтардың барлығы жоба талаптарына сай келеді. Ал, геологиялық құбылыстар бойынша Курчатов және Балқаш аймақтары АЭС құрылысын жүргізу үшін жақсырақ", - деп ол толықтырды.

Сонымен қатар, МАГАТЭ бас директорының орынбасары Александр Бычков бүгінде әлемде 435 атом реакторы іске қосылған болса, 72 реактордың құрылысы жүргізілуде, деп атап өтті.

"Айта кетерлік жайт 72 реактордың ең аз дегенде 3 - Ресейде, Үндістанда, Қытайда орналасқан - олар жаңа заманның реакторлары . Илемде атом электронстанциясын пайдаланатын мемлекеттердің үштен бір бөлігінде электр энергияны өндіру бойынша қуаттылықтың 30 % иелік етеді. Ал, жалпылай алатын болсақ онда Франция, Швейцария, Словакия елдерін "жасыл" мемлекеттер деп айтуға болады. Себебі, олардың балансының басым бөлігін гидроэлектроэнергиясы немесе баламалы энергия көздері құрайды", - деді А. Бычков.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны