10.02.2017, 21:01 6562

Қазақстанда әкімшілік құқық бұзушылықтыӊ 150-ден аса құрамы бойынша айыппұл санкциясыныӊ мөлшерін азайту көзделуде

Қазақстанда Икімшілік кодекс ізгілендіріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Иділет министрлігініӊ кеӊейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Марат Бекетаев мәлімдеді.

Астана. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда Икімшілік кодекс ізгілендіріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Иділет министрлігініӊ кеӊейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Марат Бекетаев мәлімдеді. Оныӊ айтуынша, қазіргі уақытта министрлік мемлекеттік мүдделі органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге "Қазақстан Республикасыныӊ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊ жобасын әзірлеген.

"Аталған заӊ жобасында әкімшілік құқық бұзушылықтыӊ 150-ден аса құрамы бойынша айыппұл санкциясыныӊ мөлшерін азайту, санкциясы ескерту түріндегі әкімшілік жазаны көздейтін баптарды көбейту, жеӊілдететін мән-жағдай анықталған кезде сотқа, органға лауазымды және заӊды тұлғаларға қатысты әкімшілік айыппұлдыӊ сомасын 30 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін нормаларды қолдану, тоқтата тұруға негіз болып табылатын бұзушылықтарды жойған кезде рұқсат беру іс-әрекетін мерзімінен бұрын қайта жаӊғырту тәртібін регламенттеу ұсынылған",- деді Бекетаев.

Сонымен қатар Бекетаевтыӊ атап өтуінше, Иділет министрлігі ҚР Президентініӊ мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оӊтайландыру жөніндегі тапсырмасын жоспарлы түрде орындауда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны