28.04.2015, 17:12 3705

Қазақстанда әлем мемлекеттеріндегі аусылмен күресудіӊ жоспарын талқылауда

Батыс Еуразиядағы аусыл Жол картасы бойынша алтыншы отырысында қатысушылар ХЭБ-қа аусыл бойынша эпизоотиялық жағдайды жақсарту және бұдан былай қолайлы аумақ мәртебесін алу мүмкіндігін қарастыру мақсатында аусылмен күресудіӊ жоспарын ұсынды. Бұған қоса, сарапшылар Батыс Еуразияныӊ экожүйесінде аусыл вирусыныӊ таралуы туралы ақпаратымен алмасты.

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Халықаралық эпизоотиялық бюроныӊ (ХЭБ) өкілдері мен 14 мемлекеттен келген аусыл бойынша ұлттық координаторлар Алматы қаласында аусылмен күресудіӊ жоспарын талқылауда. Бұл құжат БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымыныӊ (ФАО) және ХЭБ сарапшыларымен аусыл ауруы бұрынғысынша эндемиялық сипат алып отырған елдерде аусыл ауруымен күресудіӊ ұлттық бағдарламаларын әзірлеуге жәрдемдесу аясында жасалынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Халықаралық эпизоотиялық бюроныӊ мәліметінше жыл сайын 70 мемлекет аусыл бойынша қолайсыз болып саналады. Аталмыш жануар ауруыныӊ таралуы ауыл шаруашылығына, сауда айналымына және әлем мемлекеттерініӊ экономикасына ауқымды залал келтіруі мүмкін. Шараға ХЭБ өкілдері, 14 мемлекеттен келген аусыл бойынша ұлттық координаторлар, оныӊ ішінде Ауғанстан, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Қырғыз Республикасы, Ирак, Иран, Пәкістан, Сирия, Изірбайжан, Армения, Грузия.

Батыс Еуразиядағы аусыл Жол картасы бойынша алтыншы отырысында қатысушылар ХЭБ-қа аусыл бойынша эпизоотиялық жағдайды жақсарту және бұдан былай қолайлы аумақ мәртебесін алу мүмкіндігін қарастыру мақсатында аусылмен күресудіӊ жоспарын ұсынды. Бұған қоса, сарапшылар Батыс Еуразияныӊ экожүйесінде аусыл вирусыныӊ таралуы туралы ақпаратымен алмасты.

Анықтама: Аусыл - жіті өтетін, ауруға бейім жануарлардыӊ арасында аурушаӊдық көрсеткіші жоғары, тез таралумен және ауыз қуысыныӊ кілегей қабықтарында және тұяқтарыныӊ арасында клиникалық астылық белгілердіӊ пайда болуымен сипатталатын аша тұяқты жануарлардыӊ жұқпалы аса қауіпті вирусты ауру.

ҚР АШМ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны