13.10.2009, 14:27 3316

Қазақстанда браконьерлігі үшін Ресейдің бес азаматы ұсталды

Қазақстанда браконьерлігі үшін Ресейдің бес азаматы ұсталды

Астана. 13 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда 11 қазанда браконьерлік әрекеттері үшін Ресейдің бес азаматы ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстанның аумақтық суларында мемлекеттік шекараны қорғау міндетін атқарып жүрген шекарашылар тікұшағының экипажы Ресей Федерациясының бес азаматы отырған "байда" үлгісіндегі қайықты ұстады. Олардан 100 килограмнан астам бекіре тұқымдас балық пен браконьерлік балық аулау құралдары тәркіленді", - деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

"Қайықты отырған адамдар тоқтау туралы талапқа жауап бермеген, оларды ұстау үшін шекарашылар қозғалтқышқа қаратып оқ атуға мәжбүр болды, ешкім зардап шеккен жоқ", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ұсталғандар құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне табысталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны