27.11.2012, 12:30 2960

Қазақстанда "Электрондық сауда туралы" заң жобасы әзірленуде

Көлік және коммуникациялар министрлігі "Электрондық сауда туралы" заң жобасын әзірлеп жатыр, деп хабарлады ведомство басшысы Асқар Жұмағалиев Үкімет отырысында.

Астана. 27-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда "Электрондық сауда туралы" заң жобасы әзірленуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Көлік және коммуникациялар министрлігі "Электрондық сауда туралы" заң жобасын әзірлеп жатыр, деп хабарлады ведомство басшысы Асқар Жұмағалиев Үкімет отырысында.

"Біз электрондық төлем жүйесін белсенді дамытпақпыз, сол үшін "Электрондық сауда туралы" заң қабылданады", - деді министр А.Жұмағалиев.

Көлік және коммуникация министрінің айтуынша, жаңа заң Қазақстанда онлайн-төлем жүйелерін, логистикалық арналар мен курьерлік қызметтерді құруды қарастыратын электрондық сауданы дамыту үшін сәйкес инфрақұрылым құруға бағытталады.

Министр, "бұл істердің барлығы қоғамды дамыту үшін қажетті электрондық коммерцияның тиімді жүйесін құруға мүмкіндік беретініне" сенімді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны