21.11.2011, 12:28 3835

Қазақстанда еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа кәсіптік-техникалық стандарттар әзірленуде

Қазақстанда еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа кәсіптік-техникалық стандарттар әзірленуде, деп хабарлады "Қазақстанда Кәсіптік және техникалық білімді жаңғырту" жобасын басқару тобының директоры Тимурлан Алтаев Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында.

Астана. 21-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа кәсіптік-техникалық стандарттар әзірленуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Қазақстанда еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа кәсіптік-техникалық стандарттар әзірленуде, деп хабарлады "Қазақстанда Кәсіптік және техникалық білімді жаңғырту" жобасын басқару тобының директоры Тимурлан Алтаев Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында.

"Біз Қазақстанның еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік стандарттар деп аталатын қажетті нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеуге кірістік. Осы кәсіптік стандарттардың негізінде консультанттар еңбек нарығының талаптарына сай келетін жаңартылған типтік оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлейді. Бұл бастама Кәсіптік және техникалық білім жүйесінің мекемелеріне жоғары білікті мамандар дайындауға мүмкіндік береді", деді Т.Алтаев.

Жоба аясында материалдық-техникалық жағдайларын жақсарту үшін КжТБ жүйесінің 68 үздік оқу орнына 22 млн. доллар сома гранттық қаржыландыру қарастырылып отыр.

"Бұл қаржылар біздің колледждер мен кәсіптік лицейлерден шығатын түлектердің біліктілігі мен білімін айтарлықтай арттыруға септігін тигізетін болады", - деп түйіндеді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны