14.02.2014, 19:39 3314

Қазақстанда геологиялық барлау бағдарламасын жүзеге асыру жоспарлануда - Н. Назарбаев

ҚР Президентінің айтуы бойынша, "бірінші кезекте, базалық салаларда біздің бәсекеге қабілеттілігімізді арттыру керек. Бұл орайда инвестициялық белсенділік төмендеді. Бұл бәрінен бұрын геологиялық барлауға бөлінген инвестицияның аздығынан".

Алматы. 14 ақпан. Kazakhstan today. Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қазақстанда геологиялық барлау бағдарламасын жүзеге асыру жоспарланып отырғандығын айтты.

"Біз Үкімет пен әкімдердің бірігіп арнайы аймақтарға назар аударуды жетілдіруіміз керек. Бұл кластерлік жетістікті одан әр дамытуға мүмкіндік береді", - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің айтуы бойынша, "бірінші кезекте, базалық салаларда біздің бәсекеге қабілеттілігімізді арттыру керек. Бұл орайда инвестициялық белсенділік төмендеді. Бұл бәрінен бұрын геологиялық барлауға бөлінген инвестицияның аздығынан".

"Қаңтар айында мұнай және газ министрі мұнайгаз және бассейндер атласын көрсеткен болатын. Бұл атласқа сәйкес біздің мұнай және газдық қорымыз 22-ден 76 млрд -қа дейін көтерілді", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстанда "геологиялық қызмет бағдарламасын жүзеге асыру қажет".

Айта кетейік, Үкіметтің бүгінгі кеңейтілген отырысының басты тақырыбы "Қазақстан-2050" Жолдауындағы 2014 жылдың тапсырмалары.

Үкімет отырысына Мәжіліс депутаттары, Парламент Сенатының депутаттары, меморган өкілдері, Астана Алматы қаласының әкімдері, Президент Икімшілігінің жетекшілері қатысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны