22.06.2012, 17:01 2888

Қазақстанда компаниялардың сапасыз өнімдері үшін шенеуніктерді жауапқа тарту қажет

Бүгінде Үкімет пен бизнестің әріптестік қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеруді көздеп отырмыз. Осы жұмыс барысында тұтынушыларды ұмытпау қажет. Бүгін Ақордада кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне арналған кеңесте ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарабаев осылай айтты.

Астана. 22-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда компаниялардың сапасыз өнімдері үшін шенеуніктерді жауапқа тарту қажет, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгінде Үкімет пен бизнестің әріптестік қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеруді көздеп отырмыз. Осы жұмыс барысында тұтынушыларды ұмытпау қажет. Бүгін Ақордада кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне арналған кеңесте ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарабаев осылай айтты.

Елбасының айтуынша, ішкі және сыртқы сұраныс Үкімет пен бизнестің ортақ жұмысы қаншалықты тиімді екендігін көрсетуі тиіс.

"Басты мәселе, халықтың қауіпсіздігі. Улану, алдап кету немесе апат болған жағдайда мемлекеттің үйлестіру жұмысы басым болуы шарт. Осындайда кәсіпкерлерге рұқсат қағазын берген шенеуніктерді жауапқа тарту бойынша әлемдік тәжірибені қолға алу керек. Оған қарсылық көрсетудің қажеті жоқ. Бәрі бір соған келеміз", - деп атап көрсетті Н. Назарбаев.

Сондай-ақ Президент, кәсіпкерлердің бүгінгі жауапкершілігін одан да күшейту қажет деп санайтындығын айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны