19.01.2009, 18:02 3033

Қазақстанда медициналық айықтырғыштар жабылуы мүмкін - ІІМ

Қазақстанда медициналық айықтырғыштар жабылуы мүмкін - ІІМ

Астана. 19 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда медициналық айықтырғыштар жабылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Бағдат Қожахметов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі .

Оның айтуынша, қазіргі таңда кәмелетке толмаған жасөспірімдерді уақытша оқшаулау, бейімдеу және сауықтыру орындарын Білім және ғылым министрлігіне, ал медициналық айықтырғыштарды Денсаулық сақтау министрлігіне беру бойынша талқылаулар үкімет деңгейінде жалғасуда, яғни аталған мәселе әлі түбегейлі шешілген жоқ. Бұл мәселемен ҚР ІІМ-нің әкімшілік полициясы комитеті айналысып жатыр.

Комитеттің мәліметінше, өткен жылы еліміздегі медициналық айықтырғыштарға 188 мың 805 адам жеткізілген.

Б Қожахметовтың айтуынша, бүгінде еліміздің аймақтарында 29 медициналық айықтырғыш жұмыс істейді, бұрын олардың саны 46 болған. Бірде-бір айықтырғыш жоқ аймақтар да бар. Мәселен, Жамбыл облысы. "Алайда бұл аймақтағы қылмыстық жағдайға ешқандай да әсерін тигізіп отырған жоқ", дейді департамент бастығы. Егер медициналық айықтырғыштар Денсаулық сақтау министрлігіне берілмесе, олар таратылуы мүмкін, деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны