07.02.2017, 19:01 4838

Қазақстанда Наурыз мейрамы қарсаӊында "Ел Арна" деп аталатын жаӊа арна іске қосылады

Отандық режиссерлердіӊ көркем және деректі фильмдерін, сериалдарын енді "Ел Арна" деп аталатын осы жаӊа арнадан тамашалай аласыздар.

Астана. 7 ақпан. Kazakhstan Today - Наурыз мейрамы қарсаӊында "Ел Арна" деп аталатын жаӊа арна іске қосылады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев хабарлады. Ол өзініӊ Фейсбуктегі парақшасында былай деп жазды:

"Қымбатты достар!

Ұлыстыӊ Ұлы күні - Наурыз мейрамы қарсаӊында біз жаӊа телеарнаны іске қосуды жоспарлап отырмыз.

Отандық режиссерлердіӊ көркем және деректі фильмдерін, сериалдарын енді "Ел Арна" деп аталатын осы жаӊа арнадан тамашалай аласыздар.

Соӊғы жылдары өзіміздіӊ режиссерлер түсірген төл туындылардыӊ көбейіп келе жатқаны аян. Біздіӊ мақсатымыз - сол фильмдердіӊ көрерменге барынша қолжетімді болуына, оларға сұраныстыӊ ұлғаюына негіз салу. Осы арқылы қазақстандық киноөнімдердіӊ саны мен сапасыныӊ артуына қолдау көрсету".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны