02.09.2009, 16:04 3099

Қазақстанда оқытушылар тұрақты түрде аттестациядан өткізілетін болады

Қазақстанда оқытушылар тұрақты түрде аттестациядан өткізілетін болады

Астана. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Президент Нұрсұлтан Назарбаев Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр президентті Қазақстан білімі мен ғылымын дамытудың перспективалық бағыттары мен ағымдағы жұмысы туралы хабардар етті.

"Иңгімелесу барысында мемлекет басшысы білім сапасын арттыру қажеттігіне назар аударды. Осыған байланысты тұрақты түрде оқытушылар аттестациядан өткізілетін болады. Біздің жастарымыздың сапалы білім алуы оқытушылардың біліктілігіне тікелей байланысты", - деді Жансейіт Түймебаев.

Биылғы жылғы 1 қыркүйекке "100 мектеп" бағдарламасы бойынша 25 мектеп пайдалануға берілді. Тағы 19 мектеп жылдың соңына дейін берілетін болады. Ағымдағы жылы орта оқу орындарын жөндеуден өткізуге 27 миллиард теңге бөлінді. 2 мыңға жуық мектепке жөндеу жұмыстары жүргізілді, тағы 5 мың мектеп ағымдағы жөндеуден өтті. 58 жаңа балабақша пайдалануға берілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің интеллектуалық мектептері Көкшетау мен Семей қалаларында ашылды. Жылдың соңына дейін тағы біреуі Астанада ашылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны