05.10.2009, 14:41 1481

Қазақстанда өткен аптада 142 есірткі қылмысы әшкереленді

Қазақстанда өткен аптада 142 есірткі қылмысы әшкереленді

Астана. 5 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда өткен аптада 142 есірткі қылмысы, оның ішінде есірткі сатудың 44 фактісі анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Жамбыл облысының Шу қаласында полиция қызметкерлері Тараз қаласының тұрғыны, 20 жастағы әйел адамды ұстады, одан 1 кг 900 грамм героин тәркіленді.

"Дельта-Долина" арнайы бөліністің қызметкерлері Жамбыл облысы Шу ауданының аймағында Қызылорда қаласының 33 жастағы тұрғынын ұстады, одан 1 тонна 529 килограмм марихуана алынды.

"Қарағанды облысының Теміртау қаласында қала тұрғыны ұсталды, оның пәтерінен 636 грамм героин табылды, сондай-ақ Ақмола облысында 30 жастағы ер адам ұсталды, одан 109,5 кг. марихуана тәркіленді. Көліктегі Батыс Ішкі істер департаментінің және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қызметкерлері "Алматы-Орал" жолаушылар пойызының вагонында Тәжікстанның 2 азаматын ұстады. Олардан 1 кг 333 грамм героин табылды. Ұсталғандардың Ресейге жұмысқа орналасу үшін бара жатқандығы анықталды",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны