07.09.2009, 18:58 3058

Қазақстанда өткен аптада қылмыстық ортаның 2 "беделдісі" жауапкершілікке тартылды

Қазақстанда өткен аптада қылмыстық ортаның 2 "беделдісі" жауапкершілікке тартылды

Астана. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша 22 қылмыстық іс қозғалды, олар бойынша қылмыстық ортаның 2 "беделдісі" және ұйымдасқан қылмыстық топтың 8 қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қызылорда облысының ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қылмыстық ортаның 40 жастағы "беделдісін" ұстады, ол алдау арқылы "Қармақшы" акционерлік қоғамының бір жарым миллион теңгe сомасындағы мүлкін жымқырған",- деді ол.

Сондай-ақ, ІІМ ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысында полицейлер Жезқазған қаласының 2 тұрғынын ұстады, олар жалған құжат жасау арқылы қала тұрғынының пәтерін тартып алған.

Саяжай учаскесінің ауласында қарасораны заңсыз өсіргені үшін Ақтау қаласының 45 жастағы тұрғыны ұсталды, одан осы өсімдіктің 174 килограмы тәркіленді.

Астанада 35 жастағы қала тұрғынының ойын бизнесі саласындағы заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу фактісі анықталды, заңсыз айналымнан 300 мың теңге тәркіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны