29.06.2012, 10:52 2925

Қазақстанда парламенттің ағымдағы сессияда қабылдаған 22 жаңа заңы күшіне енген

Ағымдағы жылдың басында өткен сайлаудың нәтижесіне орай 2012 жылдың қаңтарында ресми түрде жұмысқа кіріскен көппартиялы Парламент өткен 5 айдан астам уақыт аралығында елдің дамуына, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге, халықтың әл-ауқатын арттыруға серпін беретін аса маңызды құжаттарды қабылдады.

Астана. 29-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда парламенттің ағымдағы сессияда қабылдаған 22 жаңа заңы күшіне енген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ағымдағы жылдың басында өткен сайлаудың нәтижесіне орай 2012 жылдың қаңтарында ресми түрде жұмысқа кіріскен көппартиялы Парламент өткен 5 айдан астам уақыт аралығында елдің дамуына, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге, халықтың әл-ауқатын арттыруға серпін беретін аса маңызды құжаттарды қабылдады.

Атап айтқанда, сессия барысында Парламент қоржынына 70-тен астам заң жобасы келіп түссе, соның 39-ын Мәжіліс мақұлдап, 36-сы Парламентпен қабылданды. Осы қабылданған заңның 22-сіне ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойып, құжаттар заңды күшіне енді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны