10.04.2007, 12:40 2662

Қазақстанда "Самғау" атты ұлттық ғылыми-технологиялық холдинг құрылады - президент жарлығы

АЛМАТЫ. 10-сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстанда "Самғау" атты ұлттық ғылыми-технологиялық холдинг құрылады. Осы жөніндегі жарлыққа президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

"Мемлекеттің тиімді ғылыми-технологиялық дамуына қолайлы жағдайлар жасау үшін Қазақстан Республикасы үкіметіне заңда белгіленген тәртіптерге сәйкес "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамын құруды қаулы етемін",- делінген жарлық мәтінінде.

Сонымен бірге құжатқа сәйкес үкіметке "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамының іс-қызметінің негізгі принциптері туралы меморандумды екі аптада бекітуді қамтамасыз ету; мемлекеттік акцияларының қоржыны "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ-ның жарғылық қорын өтеуге берілетін заңды тұлғалардың тізімін бекіту; бір айдың ішінде нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу; осы жарлықтан туындайтын басқа да шараларлы қолдану міндеттелді.

Жарлықтың орындалуын қадағалау ҚР президентінің әкімшілігіне жүктелді.

Жарлық қол қойылған уақыт - 2007-жылдың 6-сәуірінен бастап күшіне енеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны