10.12.2015, 12:09 4374

Қазақстанда сотталғандық туралы анықтаманы беруді қатаӊдату ұсынылуда

Қазақстанда сотталғандық туралы анықтаманы беруді қатаӊдату ұсынылуда, деді Қазақстандағы сот реформасы жобасын қолдаушы сарапшы, Бас прокурор жанындағы қоғамдық кеӊес мүшесі Сәуле Мектепбаева ОКҚ-да

Астана. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда сотталғандық туралы анықтаманы беруді қатаӊдату ұсынылуда, деді Қазақстандағы сот реформасы жобасын қолдаушы сарапшы, Бас прокурор жанындағы қоғамдық кеӊес мүшесі Сәуле Мектепбаева ОКҚ-да, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Көптеген анықтамалар саны сотталғандығы бар немесе жоқтығы туралы алынады. Жүргізілетін шаралардыӊ бірі осы сынды анықтама берудіӊ санын қысқарту, себебі балалар мен отбасыға қатысы жоқ та мамандықтар бар. Ондай жерлерде аталмыш құжаттыӊ қажет жоқ. Сотталғандық институты - ежелгі, советтік институт. Ол батыс елдерінде мүлдем жоқ. Белгілі мамандықтар: педагог, дәрігер немесе өзге мамандандырылған біліктілік жұмысында аталмыш құжат сұралынады", - деді ол, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Спикердіӊ айтуынша, біліктілігі төмен жұмыс болса, бұл жағдайда аталмыш құжат мүлдем керек емес.

"Біз мемлекет алдында өз жазаларын өтеп, материалдық шығындарын төлеген адамдарға тағы бір мүмкіндік беруіміз қажет. Олар жазасын өтеген соӊ ҚР өзге азаматтары сияқты құқылы болуы тиіс", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны