18.06.2015, 17:25 3540

Қазақстанда соттардыӊ баспасөз қызметкерлері ЕҚЫҰ-ныӊ қолдаған оқыту семинарға қатысуда

Бүгін Астанада ЕҚЫҰ-ныӊ қолдауымен орталық және өӊірлік деӊгейде жұртшылықпен байланыс саласында сот жүйесініӊ баспасөз қызметкерлерініӊ әлеуетін арттыруға бағытталған оқыту семинар басталды

Астана. 18 Маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада ЕҚЫҰ-ныӊ қолдауымен орталық және өӊірлік деӊгейде жұртшылықпен байланыс саласында сот жүйесініӊ баспасөз қызметкерлерініӊ әлеуетін арттыруға бағытталған оқыту семинар басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі, Жоғарғы сот және "Идiл сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры ұйымдастырған екі күндік іс-шара бүкіл ел бойынша шамамен 30 соттардыӊ баспасөз өкілдерін, БАҚ сарапшыларын және құқық саласындағы мамандарын жинады.

Қатысушылар Жоғарғы Сот әзірлеген коммуникациялық стратегиясы және қазіргі уақытта Қазақстан Парламентте талқыланып жатқан ақпаратқа қол жеткізу туралы заӊ жобасы тұрғысынан соттардыӊ баспасөз қызметкерлері мен сот мәселелерді қамтитын журналистер арасындағы қарым-қатынас және өзара іс-қимылды талқылайды.

ЕҚЫҰ сарапшысы, ұлттық бұқаралық ақпарат құралдары және құқық саласындағы мамандармен бірігіп, соттар мен бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ арасындағы ынтымақтастық саласындағы үздік тәжірибемен алмасып, жұртшылықтыӊ назарындағы сот iстерiне жауап жолдарын ұсынып, қоғамдық презентациялар, баспасөздер және бұқаралық ақпарат құралдарымен басқа байланыс құралдарын дайындау үшін соттардыӊ баспасөз қызметкерлеріныӊ біліктілігін арттыруға жәрдемдеседі.

"Журналисттер мен редакциялардыӊ өзара тығыз іс-қимылы, баспасөз қызметкерлердіӊ қол жетімділігі мен ашықтығы, олардыӊ жоғары кәсіби деӊгейі, сонымен қатар олардыӊ осы саладағы тереӊ білімі бүкіл жүйеге сенімін арттырып, сот органыныӊ беделін көтереді және ақпаратқа қол жеткізу принципін практикалық іске асыруға ықпал етеді", - деді Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисініӊ басшысы, елші Наталия Зарудна.

Ақылтай Қасымов, Жоғарғы Соттыӊ қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасыныӊ төрағасы, былай деді: "Бүгін ақпараттық ашықтық, әсіресе Президент Назарбаев ұсынған бес институционалдық реформалар тұрғысынан Жоғарғы Соттыӊ басымдықтарыныӊ бірі болып табылады. Бұл принцип Қазақстанда соттар әлемдік стандарттарға сәйкес жұмыс істейтіндігін көрсетеді және заӊ үстемділігін тиімді қамтамасыз етеді. Баспасөз қызметтер жұртшылықпен тиімді диалог құрып, сот жүйесі жұмысыныӊ проблемаларын талқылауы керек".

Іс-шара ақпаратқа қол жеткізу мен БАҚ бостандығын көтермелеу саласында офис қызметініӊ бөлігі болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны