19.02.2013, 13:20 3056

Қазақстанда су тасқыны жағдайына 40 мың тонна жанар-жағармай сақтап қойылған

"ТЖ болған жағдайда барлық облыстарда 40 мың тонна көлемінде жанар-жағармай қоры, 285 тонна инерциялық материалдар, 547 мың дана ыдыс-қап, 91 тонна жарылғыш зат жасақталған", - деді В.Божко.

Астана. 19-ақпан. Kazakhstan Today - Республиканың барлық облыстарында су тасқыны болған жағдайда 40 мың тонна жанар-жағармай материалы сақтап қойылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР ТЖ министрі Владимир Божко ҚР Үкіметі отырысында мәлім етті.

"ТЖ болған жағдайда барлық облыстарда 40 мың тонна көлемінде жанар-жағармай қоры, 285 тонна инерциялық материалдар, 547 мың дана ыдыс-қап, 91 тонна жарылғыш зат жасақталған", - деді В.Божко.

Оған қоса, қазіргі уақытта ауылдар мен қалалардан 6 млн-ға жуық текше метр қар шығарылған. Астана қаласынан 2,9 млн текше метр, Қарағанды облысынан - 820 мың текше метр, Алматы облысынан - 673 мың текше метр, Павлодар облысынан - 528 мың текше метр, Өскемен қаласынан соңғы түскен қардан кейін 133 мың текше метр қар шығарылған.

ТЖМ басшысы атап өткендей су тасқыны ушыққан жағдайда ҚР ТЖМ жалпы алғанда 2444 адамнан, 440 техника бірлігінен, 67 жүзу құралдарынан, 3 тікұшақтан құралған күш пен қаражатты топтастыру қалыптастырылып, жоғары дайындыққа келтірілген.

Сонымен қатар, В.Божко ағымдағы жылдың наурыз айының басында көліктік коммуникация, гидротехникалық құрылыстар мен апаттан құтқару қызметі жүйелерінің әзірлігі, аумақтардың су тасқынына дайындығы тексеріледі.

ТЖМ мен "Қазгидромет" мәліметі бойынша су тасқыны жағдайын ғарыштық бақылау Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласында жүргізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны