20.06.2013, 09:44 2985

Қазақстанда топ-менеджерлер мен мемлекеттік қызметкерлерге "жасыл экономика" негіздерін оқыту басталады

"Жасыл Академия" ғылыми-білім беру орталығы жылына 500 маманға дейін жасыл дамудың негізгі принциптерін оқытады, деп хабарлады орталық директоры Бақыт Есекина.

Астана. 20-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда топ-менеджерлер мен мемлекеттік қызметкерлерге "жасыл экономика" негіздерін оқыту басталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Жасыл Академия" ғылыми-білім беру орталығы жылына 500 маманға дейін жасыл дамудың негізгі принциптерін оқытады, деп хабарлады орталық директоры Бақыт Есекина.

"Біздің бизнес жоспар бойынша жылына шамамен 500 адамды оқытамыз. Қазір орталық демеушілердің қаражаты есебінен ҚОҚМ топ-менеджерлерін оқытуды бастап кетті", - деді Б.Есекина

Сонымен қатар, ол келешекете білім беруді қаржыландырудың мәселелерін мемлекеттік органдармен, қызметкерлері біздің орталықта оқытылатын Министрліктермен келісетінін айтып өтті.

"Жасыл Академия" ғылыми-білім берe орталығымен ұйымдастырылған семинар-тренингтен сонымен қатар комитеттер мен Қоршаған ортаны қорғау министрлігі департаменттерінің 25 басшысы оқытудан өтеді, деп хабарлады ведомcтвоның вице-министрі Ерлан Нысанбаев.

"Тренинг аясында министрлік комитеттері мен департаменттерінің 25 басшысы оқытудан өтеді. Мұндай курстарды "Жасыл Академия" еліміздің барлық өңірлерінде ұйымдастырылады деген үміттеміз, осыған байланысты семинарға қатысатын халықаралық ұйымдарды біздің бастамамызды қолдауға шақырамын", - деді ол.

Вице-министр қоғамның "жасыл" экономикаға көшуінің басты сәттерінің бірі білім беру мен кадрлар даярлау және басқару үдерісінің әр түрлі облыстардағы дәстүрлі шешім қабылдаудан олардың экологиялық-экономикалық негізіне қайта бағдарлау болып табылады.

"Барлық деңгейлердің басқару кадрларының кәсіби мәдениетінің ажырамас бөлшегі экологиялық құзыреттілік болуы тиіс - "жасыл" экономика заңдары мен принциптері, экологиялық менеджмент, қоршаған ортаны қорғаудың табиғатты пайдалану экономикасы саласындағы білім беру", - деп қортындылады Е.Нысанбаев.

Б.Есекинаның айтуынша, орталық демеушінің қаражаты, халықаралық гранттар арқылы қызмет етіп келеді.

"Біз АТМЭҚК-мен тығыз жұмыс істеп жатырмыз, келесі жылы Еуропалық комиссиямен жұмыс жасауды жоспарлап отырмыз. Яғни, негізінен халықаралық гранттық және оқыту ақылы түрде болғандықтан біздің табатын қаражат арқылы көмек көрсетіледі", - деп толықтырды ол.

Бүгін ҚР ҚОҚМ-де "Жасыл Академия" ғылыми-білім беру орталығы таныстырылды, оның мақсаты Үкімет, ұлттық кампаниялардың, бизнес-сектордың, ЭКСПО-2017 дайындық және оны өткізу аясында "жасыл экономика" мен "жасыл бизнес" саласындағы үкіметтік емес ұйымдар мүшелерінің білім әлеуетін арттыру болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны