14.09.2018, 21:32 4350

Қазақстанда ҮЕҰ-ға берілетін сыйлықақыға үміткерлерден өтінім қабылдау аяқталды

Өтінімдер 2018 жылғы 1 шілдеден 3 қыркүйекке дейін қабылданған болатын. Жалпы үміткерлерден 197 өтініш келіп түсті (ағымдағы жылдыӊ 14 қыркүйегіндегі жағдай бойынша). Олардыӊ ішінен 1 өтінім құжаттар пакетініӊ толық болмауына байланысты кері қайтарылды.

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Қоғамдық даму министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға берілетін сыйлықақыға үміткерлерден өтінім қабылдауды аяқтады. Сыйлықақы- үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудыӊ бір түрі. ҮЕҰ-ды дамытуға қолдау көрсету, олардыӊ әлеуетін арттыру, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардыӊ қызметін ынталандыру мақсатында жүзеге асырылады.

Өтінімдер 2018 жылғы 1 шілдеден 3 қыркүйекке дейін қабылданған болатын. Жалпы үміткерлерден 197 өтініш келіп түсті (ағымдағы жылдыӊ 14 қыркүйегіндегі жағдай бойынша). Олардыӊ ішінен 1 өтінім құжаттар пакетініӊ толық болмауына байланысты кері қайтарылды.

Министрліктіӊ мәліметі бойынша"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Қазақстан Республикасы Заӊыныӊ 5-тармағында көрсетілген 5 бағыт (номинация) бойынша 196өтінім қаралды.Осылайша, өтінімдердіӊ басым бөлігі: халықтыӊ әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау - 56, жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау - 18, отбасылық, демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге үлес қосу-16, білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу- 15, және т.б. бағыттар бойынша келіп түскен.

Өтінімдер барлық өӊірлерден келіп түсті. Өтінімдердіӊ көбі Астана қаласынан келіп түскен, жалпы саны-38, Алматы облысынан- 34, Алматы қаласынан -30 өтінім қабылданды.

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігініӊ Азаматтық қоғам істері комитетініӊ төрайымы Илия Ғалымованыӊ айтуынша, министрлікке қазіргі уақытта да үміткерлер тарапынан ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыға өтінімдер келіп түсуде. Алайда үкіметтік емес ұйымдарға сыйлықақы тағайындау жөннідегі 2018 жылғы 25 мамырдағы № 52 ережеге сәйкес, сенбі күніне келетін демалыс күндерін жылжыту ескеріле отырып, байқауға тек пошта арқылы 3 қыркүйектен кешіктірілмей келген өтінімдер ғана қабылданады.

ҮЕҰ-ға берілетін сыйлықақыға үміткерлердіӊ өтінімдерін мемлекеттік органдардыӊ, халықаралық ұйымдардыӊ өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлерінен және ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақылар бағыттары бойыншатиісті салалардыӊ сарапшыларынанқұралған сарапшылар комиссиясы қарайды. Сонымен қатар, конкурстық іріктеудіӊ ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында өтінімдерді сарапшылар қашықтық жүйесі бойынша қарастырады.

Сыйлықақыныӊ көлемі 2 000 АЕК құрайды. (4,8 млн тенгеден астам).

Айта кету керек, сыйлықақыларды салтанатты түрде табыстау рәсімі өткен жылдыӊ қараша айында Астанада өткен болатын. Сыйлықақыға 59 үкіметтік емес ұйым ие болды.

"Салауатты өмір салтын насихаттау, азаматтардыӊ денсаулығын қорғау" номинациясы бойынша "Шырақ" мүмкіндігі шектеулі әйелдер Ассоциациясы" қоғамдық бірлестігі жеӊімпаз атанған болатын. Ұйым 15 жылдан астам уақыттан бері денсаулық сақтау, отбасын жоспарлау, мүгедектердіӊ репродуктивті денсаулығын сақтау мәселелерімен айналысады. Үкіметтік емес ұйым осы уақытқа дейін 25-тен астам жобаны, 100-ден астам оқыту тренингтерін өткізген. Аталған іс-шараларға мүмкіндігі шектеулі әйелдердіӊ мәселелерімен айналысатын ұйымдардыӊ белсенді көшбасшылары, Орта Азия елдерінен жалпы саны 5000 адам қатысты.

"Тұрғындарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуде пробация қызметтеріне жәрдемдесу" номинациясы бойынша "Право" қоғамдық қоры сыйлықақы иегері атанған болатын. Аталған қор аясында құрылған "Шанс"

әлеуметтік-құқықтық қолдау орталығы заӊға қатысты мәселелері туындайтын тұрғындарға қазіргі уақытта Қазақстан аумағында әлеуметтік қызмет көрсететін жалғыз ұйым болып табылады.

Осы жылы ҮЕҰ арналған сыйлықақыларды табыстау рәсімі желтоқсан айында Қазақстанныӊ VIII Азаматтық Форумы аясында өтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны