03.10.2012, 11:36 3166

Қазақстанда жанармай бағасы қымбаттады

Реттелетін жанар-жағармайдың шекті бағалары өзгертілді, деп хабарланды ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің баспасөз қызметінен.

Астана. 3-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда жанармай бағасы қымбаттады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Реттелетін жанар-жағармайдың шекті бағалары өзгертілді, деп хабарланды ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің баспасөз қызметінен.

Брент маркалы мұнай бағасының маусымдағы 104,09 АҚШ долларынан қыркүйекте 114,8 АҚШ долларына дейін өзгеруіне байланысты, бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерінің бөлшек саудадағы сатылымының шекті бағалары, ҚҚС қоса есептегенде ү.ж. 3 қазанында төмендегідей болды: Дизель отыны - 1 литрі үшін 94 теңге; Аи - 80 - 1 литрі үшін 89 теңге; Аи - 92 - 1 литрі үшін 110 теңге.

"Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерінің бөлшек саудадағы сатылымына шекті бағаларды белгілеу туралы" 2012 жылғы 2 қазандағы №249-НҚ Агенттіктің бұйрығы Қазақстан Республикасы Мұнай және газ және экономикалық даму және сауда министрліктерімен келісілді.

Бұйрықтың толық мәтіні Агенттіктің www.arem.kz сайтында "Заңнама" бөлімінде орналастырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны