29.04.2015, 14:13 5077

Қазақстанда жаӊғырту бойынша ұлттық комиссия құрылады - ҚР Президенті

"Еӊ жақын күндері ҚР Президенті жанынан Жаӊғырту бойынша ұлттық комиссия құрылады. Комиссияныӊ мақсаты кезеӊ-кезеӊімен осы 5 реформаны жүзеге асырып, мемлекеттік органдар, бизнес пен азаматтық қоғамныӊ іс-әрекеттерін үйлестіру", - деді ҚР Президенті

Астана. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда ҚР Президенті жанынан Жаӊғырту бойынша ұлттық комиссия құрылады, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы ұлықтау рәсімінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Еӊ жақын күндері ҚР Президенті жанынан Жаӊғырту бойынша ұлттық комиссия құрылады. Комиссияныӊ мақсаты кезеӊ-кезеӊімен осы 5 реформаны жүзеге асырып, мемлекеттік органдар, бизнес пен азаматтық қоғамныӊ іс-әрекеттерін үйлестіру", - деді ҚР Президенті, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ айтуынша, ұлттық комиссияға құрамында белді шетелдік және қазақстандық сарапшылар бар халықаралық кеӊес беру кеӊесі қолғабыс етеді.

"Комиссияныӊ бірінші отырысында (ҚР Президенті жанындағы Жаӊғырту бойынша ұлттық комиссия) мен Ұлт жоспарын ұсынамын. Бұл - бұдан ары қарайғы мемлекеттік құрылыстыӊ 100 нақты қадамы. Бұл тұрғыда бес институционалдық реформалар бойынша атқаратын жұмыстарымыз түсіндіріледі. Осы орайда Н.Назарбаев бұл 100 қадам жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап болатындығын және бір мезгілде жаӊа тарихи жағдайда 30 дамыған елдіӊ құрамына ену бойынша жоспар екендігін атап өтті. Реформаларды жүзеге асыру - алдағы 10 немесе 15 жылға негізделген жалпыұлттық нөмірі бірінші мақсат-міндет болмақ.Инустриалды бағдарлама осы кезеӊді қамтитын болады", - деді Ұлт көшбасшысы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны