01.04.2015, 19:31 3876

Қазақстанда жасөспірімдерді әскери учаскелерге тіркеу аяқталды

Қазақстан Республикасында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу аяқталды. Биыл қаӊтар айы мен наурыз айы аралығында 1998 жылы туылған қазақстандық жастар тіркелді

Астана. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу аяқталды. Биыл қаӊтар айы мен наурыз айы аралығында 1998 жылы туылған қазақстандық жастар тіркелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осы уақыт аралығында Қазақстан бойынша "Искери қызмет және әскери қызметшілердіӊ мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заӊыныӊ 16-бабына сәйкес әскерге шақыру учаскелеріне 100 000-ға жуық адам тіркелді. Бұл іс-шараны тиісті қорғаныс істері жөніндегі басқармалар (бөлімдер) арқылы жергілікті атқарушы органдары өткізді.

Тіркеу науқаны аясында азаматтар әскери есепке алынып, алдағы уақытта әскер қатарына шақырылушылардыӊ саны анықталады. Сонымен қатар жастардыӊ білімі, мамандығы, дене даярлығына қарай отырып, әскери қызметке жарамдылығы белгілі болады. Жасөспірімдер медициналық тексеруден өтіп, емделуді немесе медициналық бақылауды қажет ететін жастар емдеу-сауықтырудан өтеді.

Денсаулық жағдайы және басқа да мәліметтер бойынша жарамды деп танылған әскерге шақырылушыларға әскери оқу орындарында, Қорғаныс министрлігініӊ арнайы ұйымдарында оқу ұсынылды. Бұл жерде балалар үйлері мен мектеп-интернаттардыӊ тәрбиеленушілері, көп балалы отбасы мен әлеуметтік аз қамтылған отбасылары ерекше назарда болмақ. Тіркеу науқаны кезінде жасөспірімдермен сұхбаттасу жұмыстары жүргізіліп, олар Қарулы Күштердіӊ дамуы, әскери қызметтіӊ жетістіктері, қазақстандық армияныӊ халықаралық оқу-жаттығуларға қатысуы, бітімгерлік операциялары туралы қажетті ақпараттардан хабардар болады.

Айта кетейік, 2015 жылғы әскерге шақырушылар Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығы қарсаӊында Отан қорғаушылар қатарын толықтырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны