25.06.2007, 15:08 3253

Қазақстанда жолдағы апаттардың саны 7,3%-ке, қаза тапқандар саны 12,5%-ке өсті - жол полициясы

АСТАНА. 25 -маусым. Kazakhstan Today. Қазақстанда 2007-жылы жолдағы апаттардың саны 7,3%-ке, қаза тапқандар саны 12,5%-ке, жараланғандар саны 7,1%-ке өсті. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ҚР ІІМ жол полициясы комитетінен хабарлады.

Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, өткен 5 айда республиканың жолдарында 5066 жол апаты тіркеліп, соның салдарынан 1190 адам қаза тауып, 5881 адам жараланған. "2006-жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда апаттардың саны 7,3%-ке, қаза тапқандар саны - 12,5%-ке, жараланғандар саны 7,1%-ке өсті", -дейді комитеттегілер.

Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, барлық апаттық көрсеткіштердің арту оқиғалары Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында тіркелген. Жол үстіндегі өлім көрсеткіші Маңғыстау облысында 137,5%, Павлодар облысында 67,6%, Ақмола облысында 25,9%, Алматыда 18,7% өскен.

Комитеттің мәліметінше, 1756 жол апаты немесе әрбір үшінші жол апаты ауылдық жолдарда тіркелген. Ауылдық жерлердегі жол апаттарының ауырлығы әрбір 100 зардап шегушіге шаққанда қаза тапқан 27 адамды құраған, бұл барлық жол апаттарының орташа көрсеткішінен 1,6 есе артық болса, қалалар үшін осы көрсеткіштен 2,7 есе артық.

"Осыған байланысты және ауылдық жерлерде жолдардағы апатты азайту үшін ҚР ІІМ маусымның 25 мен 29 аралығында жалпыреспубликалық шұғыл-профилактикалық "Ауыл жолдары" атта шара өткізуде, -деп хабарлайды полиция. Олардың айтуынша, шара аясында ауылдық жолдарда қозғалыс ережелерін өрескел бұзу оқиғаларын анықтау үшін рейдтік шаралар өткізу межеленген. Облыстық және аудандық ауқымда жолаушы тасымалымен шұғылданатын көліктерді ақырғы аялдамаларда тексеру жұмыстары да жүргізілмекші.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны