17.07.2013, 13:02 5812

Қазақстандағы үш авиакомпания авиациялық қызметпен айналысу құқығы сертификатынан айрылды

Үш қазақстандық авиакомпания "D.E.T.A. Air", "МЕГА" және "ҚазЭйр Уэст" ұшуды жүзеге асыруға рұқсат беретін сертификаттан айрылды, деп хабарлады Көлік және комуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана. 17-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстандағы үш авиакомпания авиациялық қызметпен айналысу құқығы сертификатынан айрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Үш қазақстандық авиакомпания "D.E.T.A. Air", "МЕГА" және "ҚазЭйр Уэст" ұшуды жүзеге асыруға рұқсат беретін сертификаттан айрылды, деп хабарлады Көлік және комуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

"ҚР ККМ Азаматтық авиация комитеті қызметкерлері ИКАО сарапшыларымен бірлесе отырып жүргізген қайта сертификаттау нәтижесінде "D.E.T.A. Air" АҚ, АК "МЕГА" АҚ және "ҚазЭйр Уэст" АҚ авиакомпанияларының ұшуды жүзеге асыруға рұқсат беретін сертификатын қайтарып алды", - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, бұл шаралар компаниялардың өз қызметтерін сертификациялық талаптарға сай жүргізбеуіне орай қабылданып отырғаны айтылған.

Бұдан өзге, сертификациялық тексерулер бойынша анықталған ескертулерге сәйкес, атап айтқанда компания штатындағы қызметкерлер санының аз болуы, ұшу құжаттарының, инженерлік-техникалық қызмет көрсетудің талаптарға сай болмауына орай 5 авиакомпанияның "Samal Air" АҚ, "Азия Континенталь Эйрлайнс" АҚ, "Евро-Азия Интернейшнл" АҚ, "Семейавиа" АҚ және "Irtysh-Air" АҚ пайдаланушы сертификатының жарамдылық мерзімі тоқтатылды.

ҚР ККМ аталған компаниялар берілген ескертулерді ағымдағы жылғы 1 тамызға дейін жоймаған жағдайда олардың сертификаттары өз күшін жоятынын ескертті.

Естеріңізге сала кетейік, халықаралық ұшуларды жүзеге асырумен айналысатын қазақстандық авиакомпаниялар мен әуе кемелерін қайта сертификаттау процесі ИКАО-ның ұсынысы бойынша ағымдағы жылдың наурыз айында басталған болатын.

Бүгінгі күні 32 авиакомпания, техникалық қызмет көрсетумен айналысатын 29 ұйым және 73 әуе кемесі қайта сертификаттаудан өтті.

Азаматтық авиация комитеті аталған жұмысты тамыз айының соңына дейін толық аяқтауды көздеп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны