22.08.2006, 18:52 3099

Қазақстандық шекарашылар еліміздің мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтпек болған Өзбекстаның 50 азаматын ұстады

АЛМАТЫ. 22-тамыз. Kazakhstan Today. Өткен тәулікте Қазақстандық шекарашылар еліміздің мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтпек болған Өзбекстаның 50 азаматын ұстады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ақпарат көзінің хабарлауынша "Қоғалы" шекаралық заставасының қызметкерлері шекара бұзған 15 адамды ұстады, олардың арасында Қазақстанның 5, Өзбекстанның 10 азаматы бар. Олар Қазақстаннан Өзбекстанға қарай жаяу бет алған. Өзбекстанның тағы 32 азаматын "Мырзакент" заставасының шекарашылары, 8 азаматты "Сарыағаш "заставасының шекарашылары ұстады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны