13.04.2007, 11:07 2692

Қазақстандық шекарашылар елімізге 100 мыңнан астам АҚШ долларын заңсыз енгізуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды

АСТАНА. 13-сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар елімізге 100 мыңнан астам АҚШ долларын заңсыз енгізуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Қордай" кеден бекетінде құжаттарды тексеру барысында Қырғызстаннан Қазақстанға бет алған Қазақстан азаматы ұсталды. "Тексеру барысында декларацияда көрсетілмеген 100 500 АҚШ доллары табылды. Ұсталған "Қордай" кеден бекетінің қызметкерлеріне табысталды",- деп хабарлайды шекарашылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны