24.10.2007, 18:38 3012

Қазақстандық шекарашылар Қырғыз шекарасында есірткінің ірі көлемін қолға түсірді

Қазақстандық шекарашылар Қырғыз шекарасында есірткінің ірі көлемін қолға түсірді.

Шымкент. 24-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық шекарашылар 12 кг астам есірткі әкелу дерегінің жолын кесті. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің "Оңтүстік" аймақтық басқармасы бастығының орынбасары Эрик Росляков мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оның айтуынша, Қырғызстанның алты азаматы Жамбыл облысының "Мерке" бақылау-өткізу пунктінде 2,2 кг героин мен 10,6 кг шикі апиын алып өтпек болған кезде құрықталған.

"Есірткі сыйымдылығы бір литрлік пластик бөтелкелерге бөліп салынып, "Тойота Превия" көлігінің жанармай құятын бөлігіне жасырылған. Есірткіні тек арнайы техникалық құралдарды пайдалану арқылы жіті тексеру барысында ғана табу мүмкін болған",- деп хабарлады Э. Росляков.

Оның хабарлауынша, жеңіл көліктің жүргізушісі мен бес жолаушы Қырғызстанның Ош облысына туып-өскендерін, және де Екетеринбург қаласына маусымдық жұмыстарға кетіп бара жатқандықтарын айтқан.

Э. Росляков, аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталғандар Жамбыл облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментіне берілгендігін хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны