24.07.2018, 23:59 7833

Қазақстандық және шетелдік сарапшылар Алматы аймағындағы тау туризмін дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан өзініӊ туристік нысандарыныӊ әлеуетін толық пайдаланбайды деген пікірмен Шымбұлақ тау шаӊғы курортыныӊ бас директоры Ержан Еркінбаев те келіседі. 2010 жылы, яғни қайта қалпына келтіру жұмыстарына дейін, демалыс күндері курортқа 1000 адам ат басын тіресе, ал қазір Шымбұлаққа әр сенбі және жексенбі күндері 15000 адам қыдырып келеді. Жыл сайын келушілер саны артуда, биылғы көрсеткіш 600 мыӊ адамға жетті.

Алматы. 24 шілде. Kazakhstan Today - 20 шілдеде Алматы қаласыныӊ маӊындағы Шымбұлақ тау шаӊғы курортында International Mountain Sports Festival IIIхалықаралық тау және спорт фестивалі аясында аталмыш саланыӊ жетекші сарапшылары, туристік агенттіктер қызметкерлері, гидтер, спортшылар, экологтар, студенттер, шағын және орта бизнес өкілдері - жалпы саны 150-ден астам қатысушылардыӊ басын қосқан дәстүрлі Халықаралық тау форумы өтті.Іс-шара үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр, осы жылы оныӊ тақырыбы "Алматыда тау туризмін және бұқаралық спортты дамыту тетіктері: бүгін және ертеӊ" деп тұжырымдалды. Форумныӊ қатысушылары мен қонақтары тау туризмініӊ жаһандық нарығыныӊ дамуы,Алматы қаласыныӊ осы нарықтағы рөлі мен орны, туризм индустриясыныӊ қала жәнеөӊір экономикасын дамытуға әсері, сондай-ақ туризм индустриясындағы қоғамдықұйымдар мен шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпорындар ұшырасатынпроблемалар мен кедергілерді талқылады.

Алматы қаласы әкімініӊ орынбасары Исел Жүнісова туризмніӊ дамуын бейнелейтін бірнеше статистиканы жариялады. Алматы қаласы республика бойынша барлық келушілердіӊ бестен бірін құрайды, соныӊ ішінде ішкі сапарлар және 40%-ы шетелден келетін қонақтар. Соӊғы үш жылда қалаға келген туристер саны жылына 14%-ға өсті, ал өткен жылы Универсиада арқасында 20% -ға артты. 2018 жылдыӊ қаӊтар-мамыр айларында әуежай арқылы 232 мыӊ шетелдік турист келді, бұл өткен жылдыӊ тура осы кезеӊімен салыстырғанда 20%-ға артық. Қазақстандық және шетелдік туристер арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша, шетелдік туристердіӊ 60%-ы Алматыны экотуризм үшін таӊдайды, ал қазақстандық туристердіӊ 55%-ы түрлі белсенді іс-шаралар мен ойын-сауық үшін ат басын тірейді.Табиғат пен мегаполистіӊ заманауи ойын-сауықпен үйлесуі - біздіӊ қаламыздыӊ ауыз толтырып айтарлық ерекшеліктерініӊ бірі. Алматыға TripAdviser әлемдік платформасында қызығушылық та артып келеді: екі жыл ішінде Алматы микросайтыныӊкөрілімі 140 есе артты, парақшаға негізінен Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Үндістан және Германия азаматтары кіреді. Экотуризмге үлкен қызығушылық байқалады. Алматы қаласыныӊ әкімдігі Іле-Алатау ұлттық паркі және Алматы облысындағы әріптестері саналатын "Қазақтуризм" компаниясымен бірге тау туризмін дамытудыӊ бас жоспарыніске асыру жұмыстарын қолға ала бастады. Жоба жаӊа тау шаӊғысы курорттарыныӊ пайда болуын, жалпы ұзындығы 500 км-ден астам жаяу жүру(хайкинг) мен бақылауға(трэкинг) арналған тау маршруттарын ұйымдастыруды қарастырады.

Ресми статистикалық деректерді бизнес өкілдері де растады. "Эйр Астана" әуекомпаниясыныӊ маркетинг және сату жөніндегі вице-президенті Ричард Леджердіӊ айтуынша, 2017 жылдыӊ жазында туристер саны өткен жылмен салыстырғанда 17%-ға артқан.Алайда, шетелден келген қонақтар Қазақстанға іссапарға немесе туыстарымен көрісу мақсатында сирек келеді. Мәселен, 2016 жылы елімізге келген 6,5 миллион шетелдік туристердіӊ тек 50 мыӊға жуығы ғанажыл сайынғы еӊбек демалысын осында өткізу үшін келген.Сарапшыныӊ айтуынша, қазақстандық туризмніӊ негізгі проблемасы - халықаралық нарықтағы өнімніӊ жеткіліксіз дистрибуциясы. "Мысалы, Австралиядағы интернет қолданушы туристік порталға кіргенде, елдіӊ көрікті жерлері туралы ақпаратты ғана алып қоймайды, сонымен қатар, ішкі нарыққа әлеуетті туристер үшін қызмет ететінтуроператорлардыӊ тізімін қарауға да мүмкіндігі бар. Kazakhstan.org сайтында ол сондай-ақ, көрнекті орындар туралы ақпаратты және электрондық поштаны жіберуді сұрайтын форманы көреді. Ал шетелдіктер хат жазбайды, оларға жергілікті нарықтардағы серіктестер қажет. Қазақстан туралы ештеӊе білмейтін турист ол жерде өзін не күтіп тұрғанын білмей, бөтен елдеекі аптасын өткізгісі келмейді ", - деді Ричард Леджер.

Мұнымен қатар, "Эйр Астана" әуекомпаниясы транзиттік жолаушыларға стоповер бағдарламасын ұсынды, мұныӊ аясында турист қонақүйде бірнеше түн тұрақтай алады, сондай-ақ, жергілікті көрікті орындарға баруға мүмкіндігі бар. Аталмыш бағдарлама - брендті халықаралық әдіс, жергілікті мазмұнға негізделген және халықаралық нарықта елдіӊ беделін арттырады. Бағдарлама Алматы мен Астанада жұмыс істейді. Ұлттық тасымалдаушы бұл жүйені бүкіл әлем бойынша 40 000 туристік агенттерге таратты және стоповерге компания сайты арқылы қатысуға болады. Биылғы жылдыӊ бірінші жартыжылдығында 9 000 түнеу тіркеліп, бұл өнімді 50 мыӊ турист пайдаланған.

Қазақстан өзініӊ туристік нысандарыныӊ әлеуетін толық пайдаланбайды деген пікірмен Шымбұлақ тау шаӊғы курортыныӊ бас директоры Ержан Еркінбаев те келіседі. 2010 жылы, яғни қайта қалпына келтіру жұмыстарына дейін, демалыс күндері курортқа 1000 адам ат басын тіресе, ал қазір Шымбұлаққа әр сенбі және жексенбі күндері 15000 адам қыдырып келеді. Жыл сайын келушілер саны артуда, биылғы көрсеткіш 600 мыӊ адамға жетті.

- Шымбұлаққа бәсекелестік жетіспейді, бірақ, біз оныӊ рельеф бойынша және жолдардыӊ ауқымы бойынша шектелетінін түсінеміз. Еӊ көп қонақ келетін күндері курорт тұншығып тұрғандай әсер қалдырады, мұныӊ салдары қызмет көрсету сапасында айқын көрінеді. Егер Алматы облысында кәсіпқойлар үшін ғана емес, әуесқойларға да, балаларға да, қарт адамдарға да бірнеше жеӊіл әрі қолжетімді жолдары бар курорттар бар болса, ол шетелдік туристерді тартуға септігін тигізеді, есесіне барлығы ұтады, - дейді Ержан Еркінбаев.Ол сондай-ақ, тек қана дайындықтан өткен жандарға ғана емес,кем мобильді топтардыӊ өкілдері - мүгедек адамдар, кішкентай балалары бар ата-аналарға арналған жаяу жүргінші жолдарға қолжетімділік мәселесіне де тоқталды.

Қазақстандық KITA кірме және отандық туризм қауымдастығыныӊ вице-президенті,ACT Adventure экстремалды туризм жобасыныӊ жетекшісі Анатолий Савичев Алматы облысындағытаулы аудандар өзініӊ жолдарымен ғана емес, сонымен қатарат топтарына арналған маршруттарды, парапланмен ұшу орындарын және велосипед пен квадроцикл айдауды ұнататын әуесқойлар үшін таптырмас мүмкіндіктер ұсынатытын атап өтті. Шымбұлақ пен Кіші Алматы шатқалдарыныӊ туристеріне бір күндік сапар үшін шамамен айналма саяхаттыӊ 15 нұсқасы және алпинистік тауға көтерілудіӊ түрлі маршруттары бар, мұндай ресурстар барлық таулы жүйелеріндеқол жетімді емес. "Жергілікті өнімніӊ артықшылығы - көптеген тау маршруттары, жабайы және жүрілмеген жолдар, өзіндікерекше тұсы - маусымаралық кезеӊніӊ болмауы.Қауіпсіздік - шетелдік туристердіӊбіздіӊ таулар мен курорттарға толыққанды сенуі үшін маӊызды қажетті элементтердіӊ бірі. Өзге елдіӊ тау курортында турист аяғын сындырып алса, оны дереу тікұшақпен ауруханаға жеткізеді. Францияда турист ски-пасс алған уақытта, оған қоса полисті де алу ұсынылады. Сақтандыру полистерініӊонлайн және тау шаӊғы курорттарыныӊ кассаларында сату тәжірибесін енгізу біздіӊ жағдайымызда әбден мүмкін, дегенмен, әзірге туристерге арналған көӊілге қонымды сақтандыру жүйесі жоқтыӊ қасы", - деді Анатолий Савичев. Жергілікті туристердіӊ қауіпсіздігі бойынша семинарлар мен практикалық тренингтерді тұрақты ұйымдастыру өте маӊызды, себебі олардыӊтәжірибесі мен дағдылары арта түседі, сәйкесінше шетелдік қонақтар біздіӊ тауларымызда өзін-өзі қауіпсіз сезінеді.

Форумныӊ шетелдік қатысушылары тау туризмін дамыту тәжірибесімен бөлісті. Белгілі швед саяхатшысы, Халықаралық табиғатты қорғау одағы және Snow Leopard Foundation қорыныӊ елшісіЙохан Нилсон 20 жылдан астам уақыт ішінде әлемніӊ 169 елінде және түрлі тау жүйелеріндегі саяхаты туралы баяндады (Йохан Нильсон 70 шыӊдыбағындырған).Швед саяхатшысы әлемніӊ әртүрлі елдерінде ұшырасатын қоршаған табиғатқа қатысты мәселелерді қозғады. Мысалы, Дүние жүзініӊ еӊ биік шыӊдарында, оныӊ ішінде Эвересте үйілген қоқыс проблемасын да алға тартты. Үш жыл бойы Нилсон және оныӊ әріптестері жалпы саны 250 адамныӊ қатысуымен арнайы экспедиция ұйымдастырған.Экспедиция мүшелері әлемніӊ еӊ биік нүктесі төӊірегінен 15 тонна қоқысты жинады. Айтуынша, осыншама қажетсіз заттарды лақтыратын туристер емес, жергілікті тұрғындар. "Меніӊше, адамдар өздері тұратын аймақтыӊ сұлулығын сезбейді. Сондықтан инфрақұрылымды дамытуды ғана қолға алмай, жергілікті халыққа ақпарттық жұмыстарды жүргізу абзал, және тасталған қоқыс үшін айыппұл салу жүйесін енгізуді жүзеге асыру орынды, тиісінше, тұрғындар қоқысты тастау алдында ойланады, бірегей тау жүйесі мен қоршаған ортаны тазалықта ұстауға ниеттенеді" - деді Йохан Нильсон.

Туристерді тарту жолында дәстүр мен менталитетке қарамастан, Қазақстан әлемге және өз қонақтарына есігін айқара ашуға дайын болуы тиіс деп тұжырымдады Les Portes du Mont Blanc тау шаӊғы курортыныӊ бас директоры Лукас Маршанд. Сарапшы 2010-2014 ж.ж. Шымбұлақта қызмет еткен. "Меніӊ Отаным Францияда соӊғы 50-60 жылда өз тіршілігін туризмніӊ арқасында дөӊгелетіп отырған ауылдар бар. Осы аймақта бұрыннан тұрып келе жатқан тұрғындардыӊ қонақтарға қаншалықты көӊілі толмаса да, олар туристер болмаса ауыл жағдайыныӊ қазіргідей болмайтынын түсінеді", - деді француз маманы.

Оныӊ пікірінше, туристік жобаны табысқа операциялық әрекеттер жетелейді. Соӊғы 15-20 жылда туризм түсінігі жаһанданды, бұл үдеріс барлығын өзгертті: туристер әлемніӊ барлық нүктесіне сахаттайды, өз тәжірибесімен интернетте бөліседі, туристік сала ойыншыларыныыӊ әрдайым жетіле түсуіне себепкерлік танытады. Курортты дұрыс позициялау және вау-эффектті тудыру өте маӊызды. "Орташа стандарттар туристерді тартпайды. Бұл курорт әкімшілігінде қомақты қаражат болуы қажет деген түсінік емес. Ұзақ бастап, орташа жобаны жүзеге асыруға болады. Жобаныӊ басынан бастап, операторды енгізу орынды және бағдарламаныӊ бүге-шігесін талқылап алған дұрыс", - деп топшылады Лукас Маршанд.

Франциядан келген қонақтыӊ заманауи туризмніӊ жаһандануыпікірімен "Шексіз әлем" (Ресей) туристік қауымдастығыныӊ атқарушы директоры Александр Агамов та келіседі. Оныӊ айтуынша, 2017 жылы Ресейден Қазақстанға келген туристер саны 65 мыӊға, ал Грузияға - 166 мыӊға дейін жеткен.Осығанқарап, сарапшы ресейліктер Қазақстанныӊ туристік мүмкіндіктері туралы аз біледі деп қорытынды жасады.Ресей туризм индустриясыныӊ өкілі өз елініӊ тәжірибесіне сүйене отырып, туристерді тартуда Қазақстан үшін еӊ тартымды нарықтарға назар аударуға кеӊес берді. Ол осы ретте Қытай, Оӊтүстік Корея, Иран және Үндістан мемлекеттерін атап өтті.

"Бұлар түрлі нарықтар және түрлі белсенділікке негізделген. Қытайлықтарды экологиялық туризм қызықтырады, оныӊ ішінде, демалыстық-мерекелік іс-шаралар ғана емес, сонымен қатар белсенді, танымдық туризм, түрлі өнімдер дегустациясы да бар. Қытайда жыл сайын туристік сапарлар саны 10 миллионға артады, қытайлық туристбүкіл әлемдіқонақжайлылықиндустриясыныӊ жаӊа бет-бейнесінқұруға үйретеді", - деді Александр Агамов. Ресейлік сарапшы қазақстандық әріптестеріне тау курортына өздері көргісі келетін туристер елінен келетін атақты, танымал тұлғаларды тартуға кеӊес берді. Олар Алматыға бір ғана түнге келсе де, мыӊдаған туристерді әкеледі.

Австриядан келген қонақ, Австрияныӊ Қазақстандағы елшілігі сауда бөлімініӊ басшысы Михаил Мюллер өз елініӊ үлгісінде тау туризмін дамытудыӊ құқықтық аспектілеріне назар аударды.Австрия тау туризмі нарығындағы негізгі ойыншылар -түрлі қауымдастықтар, олардыӊ негізгі бөлігі Австриялық Альпі клубы, оныӊ құрамында 500 000-нан астам мүше бар. Клубтар 20 мыӊ шақырымнан астам тау жолдары мен соқпақтарды басқарады, еріктілер бұл қызметті ерекше ынтамен атқарады.Клуб дұрыс жол белгілері орнатылып, тиісті маршруттар салынғанына жауапты.Австриядағы тау туризмініӊ дамуыныӊ екінші компоненті - федералды жерлер. Олар инфрақұрылымды қаржыландыруда, жеке компаниялармен ынтымақтастықты ұйымдастыруда маӊызды рөлге ие. "Туризм өте табысты бағыт болуы мүмкін, бұл үйлестіру мәселесіне келіп тіреледі, сондықтан жергілікті және шетелдік туристер қызықты ұсыныстар пакетін және тау маршруттары туралы толық ақпарат ала алуы шарт. Турист гидті табу, велосипедті қайдан жалға алу немесе өз балаларын қайда қалдыруға болатыны туралы ақпаратты білуі заӊдылық. Адам тынығуға келеді және бұл мәселерді өзі шешкісі келмейді",- деді Михаэль Мюллер.

"Сіздіӊ курорттарыӊызда шағын және орта бизнес жеткіліксіз, көптеген мейрамханалар мен ойын-сауықтар орталықтары жоқтыӊ қасы", - деді ресейлік маман Александр Агамов. "HORECA Казахстан" мейрамханалар мен қонақ үй бизнесі кәсіпорындары Ұлттық қауымдастығыныӊ президенті Игорь Копайловтыӊ ойынша, Алматы облысындағы тау шаӊғы курорттарына келетін туристер үшін, жағымсыз жаӊалықтардыӊ бірі -қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін туризм және қонақжайлылық индустриясы нысандарыныӊ жетіспеушілігі.

Биік таулы жерлерге мейрамхананы ашар алдында, барлық ұтымды және жағымсыз аспектілерді мұқият зерттеу шарт. Таулы ауданда мейрамхана бизнесін дамытуда табысқа жеткізетін факторлар -- тау шаӊғы курорттары мен қонақ үйлердіӊ, су спортын насихаттауда маӊызды рөлге ие тау өзендері мен көлдердіӊ, саябақтар мен табиғат қорықтарыныӊ болуы. Игорь Копайловтыӊ айтуынша, Қазақстанныӊ таулы аймақтарында мейрамхана бизнесін жандандырудыӊ басты мәселесі таулы аймақтағы құрылысқа рұқсат алумен тікелей байланысты. Сонымен қатар, аспазшыны бағып қағу мәселесі және қызметкерлердіӊ жетіспеушілігі мен тапшылығы кедергілер тудырады. Мәселен, мейрамханалардыӊ шамамен 50%-ы персоналы жылына шамамен 30-40%-ға жаӊарады.

Форум аясында өткен баспасөз мәслихатында қазақстандық және шетелдік спикерлер бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ сұрақтарына жауап берді. Қазақстандық туризм индустриясы мен белсенді спортты дамытуға мамандандырылған қауымдастық өкілдері Алматы қаласыныӊ әкімдігіне тау туризмін және белсенді демалысты насихаттайтын іс-шараларды ұйымдастыруға қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны