25.02.2015, 17:03 4296

Қазақстандықтардыӊ 57%-ы президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуді дұрыс деп санайды

MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жанындағы "DEMOSCOPE" қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтарыныӊ арасында "Қазақстанда мерзімінен бұрын президент сайлауыныӊ өткізілуі" тақырыбында сауалнама жүргізді

Астана. 25 ақпан. Kazakhstan Today - MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жанындағы "DEMOSCOPE" қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтарыныӊ арасында "Қазақстанда мерзімінен бұрын президент сайлауыныӊ өткізілуі" тақырыбында сауалнама жүргізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанныӊ 14 облыс орталығынан 18 жастан асқан 2081 адам қатысты. Олардыӊ 68%-ы әйелдер және 32%-ы ер азаматтар.

Сұрақ қою әдісі - телефон арқылы жүргізілген сұхбат және онлайн-сауалнама.

Сауалнама 2015 жылы 16-20 ақпан аралығында жүргізілді.

Зерттеу қорытындысын demos.kz гиперсілтесін көрсету арқылы пайдалануға рұқсат берілген.

Респонденттердіӊ 82%-ы мерзімінен бұрын өткізілетін президент сайлауына қатысуға дайынбыз деп жауап берді. 11%-ы сайлауға қатыспаймыз деген жауап нұсқасын таӊдаса, 7%-ы нақты шешімдерімен бөлісе алмады.

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардыӊ 57%-ы Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ кеӊесінде ұсынылған президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу идеясын қолдайды. Олар соӊғы уақыттағы ішкі келеӊсіз оқиғаларды ескерсек, бұл идея Қазақстанда экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайды тұрақтандырады деп сенеді. Ал, респонденттердіӊ 19%-ӊ пікірінше, сайлау белгіленген уақытында, яғни 2016 жылы өткізілуі тиіс. Ал, 13%-ы бейтарап пікірді ұстанады. Олардыӊ ойынша, сайлаудыӊ қай уақытта өткізілетіні маӊызды емес. Қалған 11%-ы бұл сұраққа нақты жауап бере алмады.

Келесі сауал үміткерлерге арналды. Мерзімінен бұрын өткізілген президент сайлауында кімге дауыс берер едіӊіз деген сұраққа респонденттердіӊ 74%-ы "қазіргі биліктегі президентке" деген жауапты таӊдады. Отандастарымыздыӊ

6%-ы қазіргі президенттіӊ саясатын жалғастыратын үміткерге, 6%-ы ел дамуыныӊ балама жолын ұсынған тәуелсіз үміткерге дауыс бермекші. Қалған 14%-ы кімге дауыс беретіндерін әлі анықтаған жоқ.

Зерттеуге қатысқан қазақстандықтардыӊ 60%-ы Қазақстандағы сайлау жүйесін тәуелсіз әрі ашық деп санайды. 14%-ы бұл пікірмен келіспейді. Олардыӊ ойынша, Қазақстанда ашық әрі демократиялы сайлау өткізілмейді. Ал, респонденттердіӊ 11%-н саясат қызықтырмайды екен. Қалған 15%-ы бұл сұраққа нақты жауап бере алмаймыз деді.

Естеріӊізге сала кетейік, 2015 жылы 14 ақпан күні Қазақстан халқы Ассамблеясы президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуді ұсынған болатын. Кейін бұл бастамаға Қазақстан Республикасы Парламент депутаттары да қолдау білдірді.

Сауалнама қорытындысы біздіӊ қоғамдағы сыртқы факторлер (Украинадағы қақтығыс) мен экономикалық дағдарыс нәтижесінде күшейген патернализмніӊ (қамқоршылдық) кеӊ таралғандығын көрсетеді. Сонымен қатар,

Қазақстанныӊ жаӊа тарихында ұзақ уақыт бойы билік ауыспағандығы зерттеу қорытындысына әсер еткені ақиқат.

Жоба жайлы:

DEMOSCOPE өзекті мәселелер бойынша Қазақстан азаматтарыныӊ ой-пікірін жедел анықтауға бағытталған. Сауалнамалар тұрақты 7-15 күн аралығында, телефон арқылы (Қазақстан Республикасыныӊ халқы көп шоғырланған аймақтарында) және Интернетте жүргізіледі.

Сауалнама тақырыптары БАҚ пен әлеуметтік желілерге жасалатын мониторинг қорытындысы негізінде таӊдалады. Сондай-ақ, demos.kz сайтында кез-келген интернет қолданушы сауалнама тақырыбын ұсына алады.

DEMOSCOPE халықтыӊ ой-пікірін анықтауға арналған құрал ғана емес, қазақстандықтардыӊ өзекті мәселелер бойынша көзқарасын білдіруіне мүмкіндік беретін пікір алаӊы.

Сауалнама нәтижесі баспасөз баяны және инфографика түрінде demos.kz сайтында жарияланады және 1-2 күн ішінде БАҚ редакцияларына жолданады.

Жоба Конрад Аденауэр атындағы қордыӊ демеушілігімен жүзеге асырылады.

Сауалнама қорытындысы Конрад Аденауэр атындағы қордыӊ және "MediaNet" Халықаралық журналистика орталығыныӊ жеке пікірін білдірмейді. Олар тек қана сауалнамаға қатысқан барлық Қазақстан азаматтарыныӊ көзқарасын жариялайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны