04.05.2007, 15:15 3342

Қазақстанға қазір жоғары қарқынды әскери қақтығыстар қаупі төніп тұрған жоқ- ҚР қорғаныс министрі

АСТАНА. 4 - мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстанға қазір жоғары қарқынды әскери қақтығыстар қаупі төніп тұрған жоқ. Мұндай пікірін бүгін журналистермен кездесуінде Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Даниал Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біздің жаңа әскери доктринамыздың принциптік өзгешелігі армияның құрылымдық өзгеруіндегі кезеңділік болып табылады, және ең маңыздысы, біздің пайымдауымызша, Қазақстанға қазір жоғары қарқынды әскери қақтығыстар қаупі төніп тұрған жоқ",- деді Д. Ахметов. "Бұл өте маңызды фактор, біз осының негізінде республикамыздың Қарулы күштеріне құрылымдық өзгерістер жасаймыз",- деп атап көрсетті ол.

"Жаңа доктринаға сәйкес 2010 жылы біздің Қарулы күштеріміз ... жеткілікті тұрғыда заманауи қару-жарақпен қаруланған және де жаңаша қауіптерге төтеп бере алатын мобильдік әскер болуға тиіс",- деп қосты қорғаныс министрі. Оның пайымдауынша, "бірқатар елдердегі, атап айтқанда Ливандағы" соңғы болып жатқан оқиғалар "үлкен емес, бірақ тиімді қаруланған, қалыпты емес оқудан өткен бөлімшелер кез-келген елдің әскері үшін үлкен проблемалар тудыруы мүмкін".

Оның пікірінше, "Қазақстанның Қарулы күштерінің келешектегі келбеті - бұл, тіптен соңғы буынның қаруларын игермесе де жақсы басқарылатын, соғысқа жарамды және елдің қорғаныс кеңістігін қорғауға қабілетті әскер болып табылады".

Сонымен қатар Д. Ахметовтың айтуынша, Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін модернизациялау бағдарламасы "қару-жарақты және әскери теникалардың сапалы өзгеруіне қатысты болып отыр, себебі біз алдымызға мобильді және жоғарғы сапалы болу міндетін қоямыз. Бұл әскери техникалар мен жаңа әскери технологиялармен қамтамасыз ету процессіне басқадай көзқарасты талап етеді".

Сондай-ақ қорғаныс министрінің хабарлауынша, Қазақстанның әскери авиациясы қазіргі уақытта "бүгінгі күнде әлемдегі жоғарғы сұраныстың, жоғарғы әскери технологияның талаптарына сай келеді". "Біздің бүгінде бүкіл дүниежүзінің әскери мамандарға қойып отырған әскери дайындық деңгейін игеру үшін әскери мамандарымызды, соның ішінде ұшқыштарды оқытуымыз - бұл басқа әңгіме",- деді ол. "Мен алдағы екі жыл Қарулы күштердің жаңа келбеті үшін айқындаушы жыл болады деп ойлаймын",- деп қорытындылады өз сөзін Д. Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны