07.07.2015, 18:44 3428

Қазақстанға мемлекеттік қызметтіӊ мансаптық үлгісіне көшу қажет - С.Ахметжанов

Мемлекеттік басқару жүйесін жаӊғырту аясында Қазақстанға мемлекеттік қызметтіӊ мансаптық үлгісіне көшуді жүзеге асыру қажет, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасыныӊ орынбасары Саян Ахметжанов

Астана. 07 Шілде. Kazakhstan Today - Мемлекеттік басқару жүйесін жаӊғырту аясында Қазақстанға мемлекеттік қызметтіӊ мансаптық үлгісіне көшуді жүзеге асыру қажет, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасыныӊ орынбасары Саян Ахметжанов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазақстанныӊ ағымдағы кезеӊдегі мемлекеттік қызметін жаӊғыртудыӊ негізгі негіз қалаушы элементі мемлекеттік қызметтіӊ мансаптық үлгісіне көшу болып табылады", - деді С.Ахметжанов, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Мемлекеттік қызметтіӊ мансаптық үлгісі бойынша жоғары лауазымға мемлекеттік қызметтен тыс жерден келу іс жүзінде мүмкін болмайды.

"Мемлекеттік қызметке қабылдау қатардағы қызметтер бойынша ғана жүзеге асырылады, нәтижесінде қызмет ауыстыру және мансаптық өсу мансап баспалдағы бойынша кезеӊ-кезеӊмен жоғарыға көтерілу арқылы қамтамасыз етіледі", - деп нақтылады ол.

Мемлекеттік қызметтіӊ мансаптық үлгісі Германия, Жапония сияқты елдерге тән.

"Қазіргі уақытта мансаптық нарық элементтерін енгізу арқылы қазақстандық үлгіні қалыптастыру қажет, аталған принцип меритократияны қамтамасыз етеді, әкімшілік мемлекеттік қызмет лауазымдарыныӊ барлығына мемлекеттік қызметкерлер арасындағы ішкі конкурс арқылы келеді", - деп мәлімдеді агенттік басшысыныӊ орынбасары.

Мемлекеттік қызметтіӊ тағы бір үлгісі позициялық үлгі болып табылады, онда мемлекеттік қызметтіӊ барлық позицияларына ашық конкурстық іріктеу өткізіледі. Мұндай жүйе ресми түрде АҚШ және Канада сияқты елдердіӊ заманауи мемлекеттік қызметінде пайдаланылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны