16.04.2009, 17:49 3095

Қазақстанның Бас прокуратурасы Қорғаныс министрлігін тексере бастады

"Бүгінде аса күрделі бірқатар сараптамалар жүргізіліп жатыр, тексеру одан әрі жалғасуда. Қылмыстық істі тексеруге қаржы полициясы, ҰҚК және Есеп комитеті органдары тартылып, Қорғаныс министрлігі жүйесінде 2006 жылдан бергі уақытта мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнаманың қолданылуы тексерілу үстінде.

Астана. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның Бас прокуратурасы Қорғаныс министрлігін тексере бастады. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бұрынғы қорғаныс вице-министрі Маермановқа келсек, бас әскери прокуратураның бұл дер кезіндегі тексеруі болды. Тексеруге ҚР Бас прокуратурасының да, ҰҚК-нің де өкілдері қатысуда. Тексеру нәтижесінде қылмыстық іс қозғалып, күдікті тұтқындалды", - деді ресми өкіл.

"Бүгінде аса күрделі бірқатар сараптамалар жүргізіліп жатыр, тексеру одан әрі жалғасуда. Қылмыстық істі тексеруге қаржы полициясы, ҰҚК және Есеп комитеті органдары тартылып, Қорғаныс министрлігі жүйесінде 2006 жылдан бергі уақытта мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнаманың қолданылуы тексерілу үстінде. Біз бұл тексеруді осы жылдың маусым айының ортасына таман аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жұмыс көлемі ауқымды, бірақ топ ырғақты жұмыс істеп жатыр, бүгінгі күні белгілі бір мәліметтер де айқындалды", - деді С.Нұрпейісов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны