16.07.2013, 11:05 4693

Қазақстанның басым аумағында найзағай ойнап, бұршақ жауады

Сейсенбі, шілденің 16-сы еліміздің басым аумағында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағай ойнап, жауын жауады, бұршақ жауу ықтимал, күшті жел соғады, тек ел өңірінің батысы мен оңтүстігінде күн ашық болады, деп хабарлайды Қазгидромет РМК.

Астана. 16-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында найзағай ойнап, бұршақ жауады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сейсенбі, шілденің 16-сы еліміздің басым аумағында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағай ойнап, жауын жауады, бұршақ жауу ықтимал, күшті жел соғады, тек ел өңірінің батысы мен оңтүстігінде күн ашық болады, деп хабарлайды Қазгидромет РМК.

Ақмола мен Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады. Павлодар және Қарағанды облыстарында да жел соғып, бұршақ жауады деп күтілуде. Алматы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Ал Атырау облысында, Мағыстау мен Батыс Қазақстанның кей жерлерінде аптап ыстық болады.

Елдің солтүстік-батысы, батысы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталық өңірлерінде жоғары өрт қаупі сақталуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны