27.07.2015, 08:00 3274

Қазақстанныӊ ДСҰ-ға ресми түрде мүше болу рәсімі Женевада өтеді

2015 жылдыӊ 27 шілдесінде Женевада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ДСҰ бас директоры Роберто Азеведоныӊ қатысуымен Қазақстанныӊ аталған ұйымға ресми түрде кіру салтанаты өтеді

Астана. 27 Шілде. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ 27 шілдесінде Женевада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ДСҰ бас директоры Роберто Азеведоныӊ қатысуымен Қазақстанныӊ аталған ұйымға ресми түрде кіру салтанаты өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"27 шілде күні ДСҰ-да Қазақстанныӊ бұл ұйымға ресми түрде кіру салтанаты өтеді. Бүгін Президент Н.Назарбаев Женеваға келеді", - деп жазды өзініӊ Твиттердегі парақшасында ҚР Сенатыныӊ спикері Қасым-Жомарт Тоқаев, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"27 шілде күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Роберто Азеведоныӊ қатысуымен Қазақстанныӊ ДСҰ-ға кіруі туралы баспасөз мәслихаты өтеді", - деп хабарланған ДСҰ ресми сайтында.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны