08.07.2016, 13:24 4664

Қазақстанныӊ Қарулы Күштері түнгі уақытта оқу дабылы бойынша көтерілді

Бүгін түнде оқу дабылыныӊ белгісі бойынша Қазақстанныӊ Қарулы Күштері жауынгерлік әзірліктіӊ жоғары дәрежесіне келтірілді. Осы жылы түнгі уақытта әскерлер алғаш рет көтерілді

Астана. 8 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін түнде оқу дабылыныӊ белгісі бойынша Қазақстанныӊ Қарулы Күштері жауынгерлік әзірліктіӊ жоғары дәрежесіне келтірілді. Осы жылы түнгі уақытта әскерлер алғаш рет көтерілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл қазақстандық армияныӊ жауынгерлік әзірлігініӊ ағымдағы тексерісініӊ ерекшелігі болып табылады. Бұл ретте диверсиялық қауіпсіздікке ерекше назар аударылды. Бөлімшелер жедел тапсырма алды, оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Қарулы Күштер ауқымындағы оқу дабылы - ағымдағы апта бойы еліміздіӊ Қарулы Күштерінде өтіп жатқан жауынгерлік әзірлік бойынша сабақтардыӊ соӊғы бөлігі. Іс-шаралар қарапайымнан күрделіге қағидаты бойынша өткізілді.

Еӊ алдымен бөлімшелер мен взводтар деӊгейінде, әрі қарай роталар мен батальондар, әскери бөлімдер, өӊірлік қолбасшылықтар (әскер тектері), содан кейін әскер түрлері мен жалпы ҚР ҚК деӊгейінде өтті.

Түрлер мен әскер тектерін, өӊірлік қолбасшылық әскерлерін басқару органдарында әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде штабтардыӊ үйлесуі бойынша жекелеген және бірлескен штабтық жаттықтырулар өткізілді. Искери қызметшілер кәсіби жауынгерлік және дене даярлығыныӊ негізгі нормативтері бойынша сынақ тапсырып, графикалық және өзге де жауынгерлік құжаттарды әзірледі.

Искери жанжалдар сипатыныӊ күрт өзгеруі, сондай-ақ, қару-жарақ пен әскери техниканыӊ заманауи үлгілерініӊ енгізілуі жағдайында әскери қызметшілерге өздерініӊ теориялық және практикалық білімдерін жетілдіру, қысқа мерзімде жан-жақты дайындықты жүзеге асыруға, ұйымдасқан түрде қарсыласпен ұрысқа түсуге және қойылған тапсырманы орындау үшін ұдайы жауынгерлік әзірлікте болу маӊызды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны