12.02.2010, 14:56 3460

Қазақстанның қарулы күштерінде атыс қаруын дербес сипаттамаларына қарай есепке алу жүйесі енгізіледі

Қазақстанның қарулы күштерінде атыс қаруын дербес сипаттамаларына қарай есепке алу жүйесі енгізіледі

Алматы. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанның қарулы күштерінде атыс қаруын дербес сипаттамаларына қарай есепке алу жүйесі енгізіледі. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР Бас әскери прокуратурасының ресми өкілі Болат Тазабеков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазір автоматтар, пулеметтер, тапаншалар, жалпы атыс қаруы есепке алынуда. Мұндай оқгильзотека деп аталатын жүйе ІІМ-де қолданылады", - деді Б. Тазабеков.

"Ендігі жерде қоймаларда, қарулы күштерде қолданылатын барлық жауынгерлік қару-жарақ оқгильзотекада есепке алынады, ондағы мақсат - кейін олардың қайда екенін, қандайбір криминалдық хабарламалар болған жағдайда оқтың қайдан алынғанын анықтау", - деді әскери прокуратураның өкілі.

"Ирбір қару есепке алынады. Өйткені, әрбір оқпанның өз сипаттамасы бар. Сол себепті әрбір оқты немесе оқпанды нөміріне қарай анықтауға болады", - деді Б. Тазабеков.

Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бас әскери прокуратура Қорғаныс министрлігімен бірігіп еліміздегі қару-жарақ пен оқ-дәрілердің сақталуы мәселесінде тәртіп орнатуда.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2010 жылдың 10 ақпаны күні Жамбыл облысы Отар кентінде Бас әскери прокуратураның Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлескен қару-жарақ пен оқ-дәрілердің сақталуын қамтамасыз ету мәселесі бойынша жиыны өтті.

Жиын барысында қару-жарақ пен оқ-дәрілердің сақталуын қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Искери ведомстволар мен прокуратура органдарының қолданған шараларына қарамастан аталған мәселе әлі шешімін таппай отыр.

Адамдардың қаза табуына әкеліп қару-жарақ қоймаларының жарылысына байланысты оқыс оқиғалар, қару-жарақтың тоналуы деректері жойылған жоқ. 2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласында және Алматы қаласының маңындағы Қараой кентінде жарылыс болды.

Осы деректерді тергеу нәтижесінде жылдан жылға оқ-дәрілермен жұмыс жүргізу кезінде техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қауіпсіздік шараларының бұзылуы көрініс тауып отыр. Осыған орай, бұл мәселе Бас әскери прокуратура қызметіндегі басым бағыт болып белгіленді.

2009 жылдың үшінші тоқсанында осы саладағы заңнаманың сақталуына жан-жақты тексеру жүргізілді. Мұнымен бірге барлық мемлекеттік уәкілетті органдардың, аса қауіпті өнімді пайдаланатын кәсіпорындардың қызметі қамтылды.

Жиында әскердің имиджін көтеру мәселесі айтылды. Искердің оң болмысын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-насихаттық іс-шараларды жүзеге асыру күтілуде.

Үстіміздегі жылдың ақпан айында Бас әскери прокурор Алматы, Қапшағай, Сарыөзек, Талдықорған, Гвардия гарнизондары әскери басқару және қылмыстық іздестіру органдарының ведомствоаралық жиынына қатысып, Елбасының Қазақстан халқына арнаған биылғы жолдауында айтылған ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, қоғам дамуының демократиялық принциптерін дамыту бойынша талаптарды орындау міндетін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны