15.04.2015, 15:12 4166

Қазақстанныӊ Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге сенім грамоталарын тапсырды

2015 ж. 14 сәуірде Пекинде Қазақстан Республикасыныӊ Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышев Қытай Халық Республикасыныӊ Төрағасы Си Цзиньпинге сенім грамоталарын тапсырды

Астана. 15 сәуір. Kazakhstan Today - 2015 ж. 14 сәуірде Пекинде Қазақстан Республикасыныӊ Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышев Қытай Халық Республикасыныӊ Төрағасы Си Цзиньпинге сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Рәсімнен кейін Қытай басшысымен өткізілген сұхбат кезінде қазақстан-қытай екіжақты қатынастардыӊ қазіргі жағдайы мен келешегі, алда жоспарланған жоғары деӊгейдегі сапарлар талқыланды, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

Си Цзиньпин ҚР мен ҚХР ықпалдастықтыӊ түрлі салаларында әлі көптеген жобаларды ілгерілетіп, жүзеге асыруы тиіс деп атап өтті.

ҚХР басшысы "Жібек жолыныӊ экономикалық белдеуі" бастамасын алғаш рет 2013 ж. қырқүйекте Назарбаев Университетінде жария еткенін ерекше атап өтті. Осы орайда, бұл бағытты екіжақты ынтымақтастық шеӊберінде бірлесіп дамытуға үміт білдірді. Сонымен қатар, ҚР Президенті Н. Назарбаевқа жылы сәлемін жолдады.

Өз кезегінде, Шахрат Нұрышев ҚР Президенті Н. Назарбаевтыӊ атынан жолданған жылы лебізі мен сәлемін жеткізді.

Қазақстанныӊ Елшісі, сонымен қатар, ҚР Президенті Н. Назарбаевтыӊ "Нұрлы жол" Жаӊа экономикалық саясаты және ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинныӊ "Жібек жолыныӊ экономикалық белдеуі" бастамалары бір-бірін өзара толықтыратынын және олардыӊ іске асырылуы Қазақстан мен Қытай қатынастарын зор нығайтатынын атап өтті.

Ш. Нұрышев қазақстандық тарап Қытаймен екіжақты және көпжақты форматтарда өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны