17.09.2009, 13:13 2777

Қазақстанның қолданыстағы заң актілері Халықаралық азаматтық авиация ұйымының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау бөлімінің талаптарына сәйкес емес - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

Қазақстанның қолданыстағы заң актілері Халықаралық азаматтық авиация ұйымының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау бөлімінің талаптарына сәйкес емес - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

Астана. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2009 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Еркін Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының парламент мәжілісінде "Иуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" және "Авиация мәселесі бойынша кейбір заң актеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңдар жобасын таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі заң жобасы да авиация қызметін одан әрі құқықтық реттеуді жүзеге асыруға бағытталған. Заң жобаларын қабылдау қажеттілігі қолданыстағы заң актілері Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау бөлімінің талаптарына сәйкес еместігіне байланысты туған. Сонымен қатар, жаңа заң жобалары ұшу қауіпсіздігін бақылау жағынан көлік ведомствосының өкілдігін күшейтіп, ИКАО-ның аудиті тарапынан ескертулерді жоюға және Қазақстанның әуе тасымалдаушылары үшін Европа аймағына ұшу үшін шектеулерді тез арада жоюға мүмкіндік береді.

Жасалған заң жобасының негізгі міндеті - ұшу қауіпсіздігі бойынша мемлекеттік бақылау шараларын күшейту және қазақстандық әуе компанияларының халықаралық ұшу және тасымалдау ережелерін сақтау. Азаматтық авиация саласында ұлттық заңнамаларының ИКАО стандарттары мен еуропалық авиациялық талаптарымен үйлесімділігінің қажеттілігі назарға алынған.

Қазақстан Республикасы парламент депутаттарының сұранымдарының негізінде тасымалдаушылардың құқығын қорғау туралы европалық тәжірибеге сәйкес рейс кідірген жағдайда тасымалдаушы жолаушыларға тегін түрде көрсететін қызмет тізімі келтірілген.

Ілеспелі "Авиация мәселесі бойынша кейбір заңдылық актеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында азаматтық әуе кемелердің бортында әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін заңға қайшы келетін әрекеттерді жасағаны үшін жолаушылардың жауапкершілігін қатайту көзделген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны