21.01.2008, 18:47 3165

Қазақстанның Көлік және коммуникация министрлігі Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізін дамытудың техникалық-экономикалық негізін әзірледі

Қазақстанның Көлік және коммуникация министрлігі Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізін дамытудың техникалық-экономикалық негізін әзірледі

Астана. 21-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның Көлік және коммуникация министрлігі Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізін дамытудың техникалық-экономикалық негізін әзірледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің алқа отырысында мекеме басшысы Серік Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Елбасының тапсырмасына сәйкес Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізды дамытудың, бес халықаралық және он екі аймақтық транспорттық-логистикалық орталық құрудың кешенді техникалық-экономикалық негізі әзірленді",- деді С. Ахметов.

"Жобаның құны - 900 млрд теңге немесе 7 млрд АҚШ доллары көлемінде",- деп қосты министр.

С. Ахметов сондай-ақ, "жобаны қаржылай қамтамасыз ету мақсатында концессияның кеңінен қолданылатын механизмдерінен мемлекеттік-жеке серіктестік, сонымен қатар халықаралық қаржы институттарын ынтымақтастыққа тарту жоспарлануда", деп атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны